Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ӨНЕР
Әкемтеатрдағы әдеби музей...

08.02.2022 2495

Әкемтеатрдағы әдеби музей 12+

Әкемтеатрдағы әдеби музей - adebiportal.kz

1968 жылы 24 мамырда М.Әуезов театрының мұражайы ашылды. 48 жылдық тарихы бар мұражайдың жинақталу, қалыптасу, даму тарихынан көп жұрт бейхабар болуы мүмкін.

Мұражай жетекшісі Наргиз Тамабекқызы бұл жайында: «Өзінің өткенін ардақтай білетін, әрбір істен мән-мағына тудыра алатын халық- мұражай ашуға пейілді келеді. Мұражай – ескі жәдігерлердің жиынтығы емес, ол халықтың тарихи танымының шежіресі, түрлі оқиғалар мен кезеңдердің, ұмытуға болмайтын сәттердің куәгері. Мұндағы әр заттың өзіндік тарихы бар. Сол затқа назар сала отырып, біз руханият дүниесіндегі бірнеше параллель оқиғалар мен кезеңдерді, дәуірлік құнды деректерді байқаймыз»- деген салмақты пікір айтады.

Әуезов театрының мұражайы жарты ғасырға жуық уақыт ішінде өзінің жәдігерлерін толықтырудан бөлек, халықты театрдың өткенімен таныстыратын, аяулы да ардақты актерлердің өмірнамасының ел біле бермейтін беттерін жинақтап, көрерменге жеткізетін айрықша беделге ие бола білді. Бұл әрине, ұзақ жылдық қажыр мен қайратты жұмыстың нәтижесі екені анық.

Әуезов театрының мұражайы бір жылда, бір күнде ашыла салған жоқ. Сан түрлі тарихи бұралаң жолдарды басынан өткерді. Ел ағалары мен өнерге шын берілген жанпоздардың арқасында біртіндеп қанат жая бастады. Алғаш мұражай ашылған жылдары Нұрмұхан Жантөрин, Сәбира Майқанова, Шәкен Айманов, Хадиша Бөкеева, шолпан Жандарбекова, Асанәлі Әшімов, Есмұқан Обаев, Әубәкір Рахимов бастаған аға-апаларымыз бар күшін салып, жәдігерлердің жинақталуына, көбеюіне, олардың хронологиялық тәртіппен реттелуіне зор үлес қосқан.

Бүгін оқырман назарына Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік драма театры мұражайынан арнайы фоторепортаж ұсынамыз.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар