Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың апталығы...

08.02.2016 7925

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың апталығы

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың апталығы - adebiportal.kz

аааа.png

Ертең, яғни ақпанның 9-ында Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Осыған байланысты «Әдебиет порталы» осы аптаны «Мұқағали апталығы» деп жариялап отыр. Апта бойы портал сіздерге ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты мақалалар мен сұхбаттарды, бейне материалдарды ұсынып отырады.


Ақиық ақынның 85 жылдық мерейтойы елімізде өткен аптадан бастап тойланып жатыр. 


Ақпанның 6-сында Елордадағы Конгресс Холл сарайында ақынның мерейтойына арналған әдеби-музыкалық концерт болып өтті. 


Ал ертең Астанадағы Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Мұқағали» атты поэтикалық драма қойылады. Драманың авторы – С. Тұрғынбекұлы, қоюшы режиссері – Б. Ұзақов. Поэтикалық драмадан тірі кезінде бағаланбаған ақынның қоғамнан көрген қиянатын, жан күйзелісін байқаймыз. Бір ғана ақын өмірі арқылы өмір сүріп отырған ортаның хал-ахуалын көреміз. Қойылым қазақтың біртуар ақыны Мұқағалидың өмірінен бір үзік сырды баяндайды. Премьерасы 2003 жылы 12 желтоқсанда өткен болатын.


Сондай-ақ, 9 ақпан күні сағат 16.00-де Қазақстан Жазушылар одағында (Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 105-үй) қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Жырлайды жүрек» атты дәстүрлі поэзия кеші өтеді. Кешке танымал өнер адамдары мен ақындар қатысады. Келем деушілерге есік ашық.


Осы сияқты мерекелік шаралар еліміздің әр облысында, әр ауданында, әр ауылында өтіп жатыр. Себебі Мұқағалидың туған күні - дәстүрлі жыл сайынғы поэзия мерекесі!


Жуырда "Әдебиет порталы" өткізген "Қазақтың үздік 10 ақыны" жобасы бойынша Мұқағали Мақатаевтың басым дауыспен көш бастағанына өздеріңіз куә болдыңыздар. Ендеше Мұзтаудың мұзбалағының мерейлі мерейтойын өз деңгейінде атап өту елге сын екенін естен шығармайық!     



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар