Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Ақылбек Шаяхмет: «Қазақ» газеті – ұлт ұйтқысы

28.01.2015 1232

Ақылбек Шаяхмет: «Қазақ» газеті – ұлт ұйтқысы

Қазақ тіліндегі газет-журналдар туралы сөз қозғалғанда ең алдымен ауызға «Түркістан уәлаяты» (1870 – 1882) газеті, «Айқап» журналы (1911 – 1915), «Қазақстан» газеті (1911 – 1913) және «Дала уәлаяты» (1888 – 1902) газеті түседі. Бірақ, бұлардың біразы сол тұстағы «Туркестанские ведомости» және «Акмолинские областные ведомости» газеттерінің қосымшасы ретінде ғана басылған болса, Ахмет Байтұрсынов секілді ұлт зиялыларының алғашқы мақалалары прогрессивті бағытта шыға бастаған «Айқапта» жарық көру мүмкіндігіне ие болды.

Алайда, осы газеттер арасында ұлт ұйтқысы болуға талпыныс жасаған және діттеген мақсатына жеткен басылым «Қазақ» газеті болатын. Орынбордағы қазақ шәкірттері ынтасымен және қолдауымен жарык көрген газеттің ыстығына күйіп, суығына тонған Ақаң болған. «Қазақ» газеті жабылып қалар қысылтаяң сәт туғанда айыбын төлеп, Ақаңды абақтыдан құтқарып қалған қазақ оқығандарының іс-әрекеті олардың Ахмет Байтұрсыновтың жеке тұлғасына деген құрметін ғана емес, сонымен бірге газетке деген сүйіспеншілігін де көрсетсе керек.

Алайда, Ахмет Байтұрсынов Жанша Сейдалинге жазған хатында өзінің қазақ халқын аздырмау жолындағы қарекетін жасырмайды: «Тілегіміз казақ халқы басқа халықтармен қатар жұрт қалпында ғұмыр шегуге басқаларға теңелсе екен деген. Сол үшін әркім білгенін, қолынан келгенін істеп жатыр. Сіз сиез жасаймын деп жатырсыз. Біздер «Домострой»... кәкір-шүкірді қазақшаға аударып, арзан рисалалар (кітап дегені) жазып, газета-мазета шығарған болып тырбанып жатырмыз. Соның бәрін қазақтың көзі ашылып, көкірегіне сәуле кіруіне себепкер бола ма деп істеп жатырмыз. Орыстың мақалы айткандай, «ұжмаққа барғым келсе де, күнәләрім жібермейді», деп қазақ үстіне ұжмақты бір күнде-ақ орнатқым келеді, бірақ, қолымнан келмейді», – дейді.

Енді белгілі қайраткерлердің Ахмет Байтұрсынов туралы лебіздеріне назар аударайық:

Телжан Шонанұлы: «...Абайдан бастап әдебиетімізде жана бағыт пайда болды. Егер, біз Абайды сол бағыттың кірпішін калап, жаңа әдеби құрылысқа сілтеме жасады десек, Ахмет Байтұрсынов іргетасын салып, қабырғасын көтерді. Ендігі әрлеп-сырлауы, әшекейлі күмбезі – болашақ ақындардың ісі». 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар