Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Ақын Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылық кеші өтті

04.04.2014 2141

Ақын Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылық кеші өтті

Ақерке Ақжайықтан қанат қағып, бүгінде қазақ поэзиясы айдынының ақ шағаласы атанған Ақұштап Бақтыгерееваның есімі өлең сүйер қауымға жақсы таныс. 2014 жылы 3 сәуір күні  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Кәусар» мәдени танымдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылық кеші өтті.

Жайықтан Арқаға арнайы келген ақынды оқырман қауым ерекше ықыласпен қарсы алды. «Жайықтың ақ шағаласы» атты жыр кешін әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, «Кәусар» мәдени танымдық бірлестігінің жетекшісі Кенжеғали Мыржықбаев жүргізді. Кеш екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде ақынның сөзіне жазылған әндер орындалды. Студенттер жырларын оқыды. Келесі бөлімде ақынның жаңа жырлары оқылып, көрермендер тарапынан ақынның  шығармашылығына, жеке өміріне байланысты бірнеше сұрақтар қойылды. Сыршыл ақын жан дүниесіндегі тылсым сезімді бүкпесіз ашып, толқытқан ойларын оқырманға жыр жолдарымен жолдады. Ән айтылды, жыр оқылды, жүрекжарды ізгі тілектер айтылды. Кешке белгілі қоғам қайраткері М.Жолдасбеков, академик С.Қасқабасов, ақынның замандастары С.Тұрғынбек, Ә.Сарай, А.Жағанова қатысып, құттықтау лебіздерін білдірді. Жүрек тебірентер жырлары оқырманның көңіл пернесін басып, адалдық, пәктік, іңкәрлік, сүйіспеншілік, патриоттық сезімдерге жетелеп, сарғайған сағыныштың ауылын аралатқан ақын кеші әсерлі өтті. 

adebiportal.kz

IMG_5306.JPG

IMG_5314.JPG

IMG_5322.JPG

IMG_5327.JPG

IMG_5347.JPG

IMG_5348.JPG

IMG_5350.JPG

IMG_5363.JPG

IMG_5368.JPG

IMG_5371.JPG

IMG_5379.JPG

IMG_5386.JPG

IMG_5394.JPG

IMG_5399.JPG

IMG_5406.JPG


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар