Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ҰМЫТПАҢДАР МЕНІ
Ақын Аманхан Әлімұлы өмірден өтті...

30.03.2020 4648

Ақын Аманхан Әлімұлы өмірден өтті 12+

Ақын Аманхан Әлімұлы өмірден өтті - adebiportal.kz

Ақынның мезгілсіз қазасы туралы суық хабар бүгін - 30 наурыз күні жұртшылыққа тарады.

Аманхан Әлімұлы 1952 жылы 20 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысының қазіргі Отырар ауданы, Қожатоғай ауылында туған. 1969 жылы аталған ауылдағы Аманкелді атындағы орта мектепті бітірген. 1980 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика, 1993 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық М.Горький атындағы әдебиет институтының жоғары курсын бітірген. «Кездесу» (1983), «Жанымның жапырағы» (1989), «Ай нұры алақанымда» (1996) секілді өлең кітаптарының авторы.

М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты.

Тірісінде әдебиеттің де, әлеуметтің де қай-қай ісінен қалыс қалмай, үн қосып, жақсы өлеңдерімен бірге оң, өткір пікірлерімен де оқырманын баураған ақын ағамыздың алдынан жарылқасын. "Әдебиет порталының" атынан Аманхан Әлімұлының отбасыны, туыс-туғандарына, қаламдас жақындары мен қалың оқырманына қайғыра көңіл айтамыз!

Аманхан Әлімұлы: «Біздің қасіретіміз – ақын болып туамыз да, ақын болып өле алмаймыз»


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар