Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ақын Гүлбақыт Қасеннің жыр кеші өтті...

28.02.2017 6445

Ақын Гүлбақыт Қасеннің жыр кеші өтті

Ақын Гүлбақыт Қасеннің жыр кеші өтті - adebiportal.kz

25 ақпанда Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Алтайдан Атырауға дейін» атты жоба бойынша жетісулық ақын Гүлбақыт Қасеннің «Құс қанатындағы жыр» поэзия кеші және «Құсқанаты» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Шараға елімізге танымал ақын-жазушылар, жетісулық қаламгерлер, әнші-сазгерлер, жоғары оқу орнының студенттері, дарынды жастар қатысты.

fbaa5c65230acd861bc0f26a4232175a.JPG


Зайда Елғондинова, Қасымхан Бегманов, Рафаэль Ниязбеков, Зәкір Асабаев, Нәзікен Алпамысқызы, Арасанбай Естенов, Әміре Әрінұлы, Нүсіпбай Әбдірахым, Жүкел Хамай, Жарас Сәрсек, Бақыт Беделхан, Жұматай Әміреев, Ерлан Жүніс, Есболат Айдабосын, Қажет Андас, Сағыныш Намазшамова, Жангелді Немеребаев, Ырысбек Дәбей, Дархан Бейсенбек, Тоқтарәлі Таңжарық т.б. қаламгерлер кештің сәнін кіргізіп, Бағлан Бәбіжан, Күлшат Такежанова, Бейбітгүл Нұрымғожина, Эльмира Дәуренбекова т.б. әнші-сазгерлер әннен шашу шашты.

bf07fa9607972702c81d4a0d0df44aaa.JPG


Ең бірінші, ақын Гүлбақыт Қасеннің «Құсқанаты» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Кітап тұсаукесері рәсімінің құрметі белгілі ақындар Қасымхан Бегманов, Зайда Елғондинова, Әміре Әрінұлына берілді.

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Зайда Елғондинова ақын қызға ақ батасын беріп, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі, «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрінұлы жетісулықтар атынан ақ тілегін арнады.

«Құсқанаты» кітабы – Г.Қасеннің 3-жыр жинағы. Жинаққа ақынның 60-қа жуық өлеңдері мен қазақтың бұлбұл әншісі, сазгер Дәнеш Рақышұлына арналған «Ән ақберені» поэмасы енген.

Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қасымхан Бегманов Гүлбақыт Қасеннің шығармашылығы туралы қысқаша баяндама жасап өтті.

b4c195057b2c84875f224d256ae9648a.JPG


Поэзия кеші ақынның шығармашылығын таныту мақсатында жыршашу бөлім арқылы өрбіді:

Ақынның «Алуа», «Бақытгүлі» жыр жинақтарында жарияланған жырларын жетісулық дарын ақын, журналист жас жігіттер оқыды; «Құсқанаты» кітабына енген жырларын Алматы қаласының әдебиетке құмар жастары оқыды; Ақынның «Алтыным» циклды өлеңдерін ақын, журналист қыздар оқыды.

2de2a6150c062b961d04ddbf634a7c01.JPG


Гүлбақыт Қасен «Құсқанаты», «Жарымын жыр атты қағанның», «Тірлік дәмі», «Айдарлымның алмасы», «Қымбаттым» т.б. өлеңдерін, «Қайрат ағама хат» атты Л. Асанованың монологін, «Ән ақберені» поэмасынан үзінді оқып, өзінің 17 жасында анасына жазған «Анам менің» деген әнін орындап берді.

07344ddf801ec4fd871da11f8223b9f5.JPG


Кеште ақын қыздың сөзіне жазылған Бағлан Бәбіжанның «Ақ халатты абзал жандар», Әли Алпысбаевтың «Жетісудың қыздары» атты әндері орындалды.

Жыр кешінің соңында ақын қыз оқырмандарға «Құсқанаты» кітабына қолтаңба жазып таратты.


adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар