Ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. «Ерен еңбегі үшін», «Тәуелсіздіктің 10 жылы» медальдарының иегері. Мұқағали атындағы сыйлықтың иегері. Панфилов ауданының Құрметті азаматы Оразақын Асқар дүниеден өтті.
Оразақын Асқар 1935 жылы 16 мамырда Шығыс Түркістан өлкесінің Іле аймағына қарасты Мүкей Қаратас деген жерде дүниеге келген. Бастауыш білімді Сарыбұлақ мектебінде алып, Құлжа қаласындағы «Білім жұрты» деп аталатын гимназияда оқыған. 1951 жылы Үрімші қаласында ашылған Ұлттар институтының тіл және әдебиет факультетіне түсіп, оның екінші курсын аяқтағаннан кейін «Шыңжаң газеті» редакциясына қызметке тұрды. Бұл жылдары сол газетке және «Шұғыла» журналына өлеңдері жиі жариялана бастайды.
1955 жылы ата-мекені Қазақстанға көшіп келіп, 1961 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіріп шығады. 1955 жылы жарық көрген «Қос жүрек» атты жас ақындардың ұжымдық жинағына өлеңдері енген.
Біраз жыл Қазақ КСР Ғылым академиясының Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, этнография және археология институтында кіші ғылыми қызметкер, одан кейін Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бюросында нұсқаушы, республикалық Кітап палатасында бөлім меңгерушісі, «Жалын» баспасында аға редактор болған. Қазақтың қара өлеңін жинап, екі томын бастырды.
Сонымен бірге «Балауса» баспасында «Әдеби мұра» бағдарламасына орай, «Әлем балалар әдебиетінің» қазақ тіліндегі елу томдығын шығару жұмысына атсалысты.
1961 жылы ҚазМУ-ді бітірген.
"Тұңғыш"(1964), "Мейірім" (1969), "Күнгей" (1975), "Ләйла" (1977), "Көкорай" (1979), "Балқарағай" (1981), "Сәулет" (1984), "Таудайбол!" (1984), "Белжайлау" (1985), "Өркеш" (1987), "Керімсал" (1991), "Баркөрнеу" (1992), "Орбұлақ" (2000), "Тәуелсіздік тартулары" (2001) атты жинақтары жарык көрді. Асқар қазақтың қара өлең түрлерін ұзақ жылдар бойы ел ішінен жинап, жиырма мың жолдық екі кітабын жариялады ("Қара өлең" (1989, 1997).
1996 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі болды. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. «Ерен еңбегі үшін», «Тәуелсіздіктің 10 жылы» медальдарының иегері. Мұқағали атындағы сыйлықтың иегері. Панфилов ауданының Құрметті азаматы.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.
Көп талқыланғандар
Неліктен Қайым – Қадырға, Семей – Батысқа айналды?
Қуандық Шамахайұлы. Мұқанның көршісі
Қуаныш Оспан. Тәуелсіздік жайлы экспромт
Мұхтар Мағауин. Естеліктер кітабы. Мұқағали Мақатаев
Алаш ардақтылары шығарған «Қазақ тілі» газетіне 100 жыл
Әлібек Асқаров. Кейбір аң мен құстың қазақша атаулары туралы
Мақсат Мәлік. Құдық басындағы екеу
Әбу-Асқар Мекешұлы. Ұлтолғақ ауыр ма, ойтолғақ ауыр ма?
Жұмаділовтің жылау және жылату философиясы
Асқар Жұмаділдаев: «Қазаққа ақын емес, технократ керек»
Қазақ түрме поэзиясы: Таңжарықтың тауқыметі
Асылбек Байтанұлы. Ақын мен технократ
Әлібек Асқаров. Әдебиет әлемінің әзілдері - 6
Рысбек Рамазанұлы. Ертегі қалай тарихқа айналды?
Біржан Ахмер. Құнанбайдың мөрі