Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
АУДАРМА
Ақын Светқали Нұржанның ағылшын тіліндегі өлеңі...

21.02.2021 5393

Ақын Светқали Нұржанның ағылшын тіліндегі өлеңі 12+

Ақын Светқали Нұржанның ағылшын тіліндегі өлеңі - adebiportal.kz

Светқали Нұржан – қазіргі қазақ поэзиясына зор үлесін қосып келе жатқан белгілі ақын. Ақынның шығармашылық лабораториясының да ауқымы кең. Тақырыбы терең. Көркемдігі жоғары.

Әлемдік деңгейдегі концерн Светқали ағамыздың өлеңін ағылшын тілінде жариялаған екен. Бұл - қазақ поэзиясының танылғандығы деп білеміз. Олай болса, бірге оқып, бірге талдайық.

Өлеңнің тақырыбы қазақшасында: "Жапырағы жанымның... ", ағылшыншасы: "LEAVES OF MY SOUL – Жапырақтары жанымның..." мағынасы дәл келеді.

Аударманың алғашқы жолына-ақ ішіміз жылып, көңілімізде қуаныштың сәулесі жылт ете қалды.

From separating brands and marks of

The distant path, dragged us

When our road, parted, then

The leaf of my soul was green… - деген шумақтың қазақшасы:

Бөлек боп тағдыр таңбасы да ені,

Жыраққа сүйреп жол қашып еді.

Жолымыз біздің ажырағанда

Жапырағы жанның жап-жасыл еді... – деп келеді. Аудармашы тұп нұсқадан ауытқымаған. «From separating brands and marks of, The distant path, dragged us» дегенде, қазақшасында: «жыраққа сүйреп, жол қашса», ағылшынша: «The distant path, dragged us» -«Бізді алысқа сүйреген соқпақ» деген мағынаны дәл беріп тұр. Бұл шумақтағы кейінгі екі тармақ қазақ өлеңінің айтар ойын дәл беріп тұр.

Көңіліміз одан сайын көтеріліп, сапалы аударманың алғашқы шумағынан құнжыңдап, келесі шумағына көз тіктік.

Светқали ағамыз:

«Ғасырлар салып ізіңнен жеттім,

Күз уілдеп тұр...

Жүзіңнен де өптім.

Кірпігіңнен көріп тізілген көп мұң,

Мөлтілдеп барып... үзілген жоқпын» деп, өлеңнің ішіне еніп, кейіптеуге қай кезде айналып үлгерген екен дейсіз. «Ғасырлар салып, ізіңнен жеттім» дейді ақын... Ішімізден тынып, тынысымыз тарылып кетті. Тынысымыздың тарылуы – осындай да құнарлы өлең жолдары болады екен-ау деген таңданысымыз, тамсанып, қазақ өлеңін ары қарай қомағайлана жұта бергіміз келетінінен болар...

Ақын ғасырлар салып, ізінен жеткен. Лирикалық меннің сипаты ашыла түскен сәт. Біресе, қазақша нұсқаға қарап, өлеңнің құдіретіне таңдай қағып, шарықтай түсіп бара жатқанда, ағылшыншаға көзіміз түсіп, кілт тоқтадық.

After the eyelids, I caught up with you

It was a cold autumn….I kissed your cheek. Eyelid – ғасыр мағынасын дәл бере алар ма екен?.. Тағы қандай сөзбен алмастырса болар еді деп, «And seeing a lot of sadness through your eyelashes,

Which shone…I did not break loose» деген жолдардағы «Which shone…I did not break loose» тармағын көргенде, ойланып қалғанымыз да рас.

Ақын ағамыз:

«The sweet juice of the senses did not dry out,

Lights flashed from your eyes.

Tears of longing, that had been swallowed for centuries

How hard is it to be above the soul?!» дейді ғой ағылшын тілінде. Бұл шумақ, сәтті аударылыпты, аудармашы да, редакторы да көркем тілден кесте тіге алатын кәнігі шебер екендіктері көрініп тұр. Тек Светқали ағамның «сағыныш жасы», ағылшын тіліндегі мағынасында «көз жасына» айналып кеткені болмаса...

«Жиналдық зорға – сөгіліп барып,

Көңіл көбесі көмігіп тамып.

Сонша сүр-сартап сарқынды сабыр

Ұялта жаздад – төгіліп қалып» – шумағындағы ең бір назарға алынатын тіркес, бұл – көңіл көбесі. Аудармашы мұны: «Tearing out the moods in tears» деп сәтті келтірген екен. «I barely, barely withstood, and did not lose my conscience» дегенде, аудармашы көркемдік бояуды шебер қолданған.

Barely gathered – disposing

Tearing out the moods in tears

So much sunken, trampled like podoykinnoy patience

I barely, barely withstood, and did not lose my conscience – шумағындағы тағы бір ұлттық бояу – бұл: сүр-сартап. Сүр-сартап сарқынды сабыр. Күрделі эпитет. Бейнелі сөз. Жай сабыр емес, сүр-сартап сабыр, оның үстіне сарқынды сабыр. Негізі, осы сөз қолданысын теориялық жағынан қазақшаға талдасақ та, кез келгенге қиындық тудырары анық. Ағылшыншасы қалай болар екен, деп аудармашының орнына өзімізді қойып, лезде қара терге малшынып үлгердім.

Осы жерде, бір мағынасына көз тоқтатып, қараған сөзіміз: «podoykinnoy» болды. Сөздікті біраз парақтап едім, көзіме шалынбады.Мүмкін, бұл сөздің анықтамасын басқалар білер. «So much sunken» - «сол себептен көп болды» деген сынды мағынаны берсе, «patience» - шыдамдылықты береді.

«Көңілшектенбей көңіл шектеліп» дегенді, аудармашы: «Without showing compassion, limiting yourself», - деп береді. Дұрыс. Көңілшектену - қазаққа ғана тән. Мұның мағынасына зер салмағаны түсінікті. «We turned out to be novice» та да, «шегіншек» сырт қалып тұр.

«Жылдарға сіңіп жоғалған сынды, Үрпек қыз үркек келіншектеніп» - деген жолдар:

« Like, lost for so many years

Shaggy, fearful and woman-like» деп мағынасында беріліп тұр екен, Аудармашы - шебер. Әйтсе де, «жылдарға сіңіп жоғалған сынды, үрпек қыз үркек келіншектеніп» деген тұтас образды теңеу тек ақынның ғана, оның ішінде, Светқали ағамыз сынды өрелі ақынның қаламына ғана тән.

Осы тұста, ақын ағамызға: «Мұндай оралымды сөзді жазбау керек еді. Жазған екенсіз, ардақты ақын аға, мағынасын дәл бере алмадыңыз деп, еш аудармашыға сын айта алмаймыз» дегіміз келеді. Шіркін, туған тілде жазылған өлеңнің құдіретіне бас имеске амалыңыз бар ма?..

Ақын айтқандай, «Autumn was there… to churn a hurricane, Got it – we still have regrets» күз де жетеді, дауыл да соғады аудармада дәл ақын айтқандай:

Күз жетті...

Дауыл сапырарына

Көз жетті – тағы аһ ұрарына, деген жолдардың мағынасы дәл берілген.

Ал ақынның жанының күрең жапырағына таматын жасы ше? «...Ішіме жұтқан тамады жасым

Жанымның күрең жапырағына...» деген жолдарды, «I swallow down the tears flowing

Right through the crimson leaf bin the shower» дейміз бе, әлде... біз болсақ, «I'm deep inside, my tears dropped to leaves of my soul” деп жіберер ме едік.

Қорыта айтсақ, қазақ поэзиясының өзге тілге аударылып, дәл осы Светқали ағамыздың өлеңіндей мағынасы төрт аяғынан тең тұрып, сәтті аударылып жатса, көңілдің қуанышы емес пе? Көңіліміз бекер қуанбапты... Көңіл сарайымыз төл тіліміздегі шұрайлы өлеңнен дәм татып, бір шаттанса, ағылшыншасына көңіл толып, екі есе марқайып отырған жайы бар.

Ақынның шығармашылығына шабыт, аудармашыға сәттілік тілеп, алғысымызды айтамыз.

Ағаның өлеңін оқып, талант табиғатына тағы да таң қалып отырмыз...

Арай Қанапияқызы Жүндібаева,

әдебиет сыншысы,

философия докторы (PhD),

қауымдастырылған профессор

Көрнекі сурет ашық ғаламтор кеңістігінен алынды


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар