Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ақын-сазгер Қайрат Дүйсенов «Бейбітшілік миссиясын...

03.02.2016 5042

Ақын-сазгер Қайрат Дүйсенов «Бейбітшілік миссиясының елшісі» атанды

Ақын-сазгер Қайрат Дүйсенов «Бейбітшілік миссиясының елшісі» атанды - adebiportal.kz


Алматыда Қазақстандағы Әлем халықтары жазушылары одағының президенті Қайрат Дүйсенов Біріккен Ұлттар Ұйымы кеңесінің (UNCOPA) шешімімен «Бейбітшілік миссиясының елшісі» (for merits in defending human rights and freedom) деп аталатын халықаралық алтын медалімен марапатталды.


Қайрат Дүйсенов 2011 жылдан 2014 жылдың соңына дейін академик, эко­номика ғылымдарының докторы, Әбен Нұрманов басқаратын «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ шығарма­шылық бірлестігіне қарасты Халық­аралық жазушылар одағы төрағасының міндетін атқарған. Осы жылдарда ол көптеген халықаралық қоғамдық іс-шаралар мен ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізді, ұстаздарға арналған арақашықтықтағы конфе­ренциялар ұйымдастырды. Қайрат Дүйсеновтің бастамасымен 2014 жыл­дың 18 қыркүйегінде «Әлем халықтары жазушылары одағы» қоғамдық бірлес­тігі ашылды. Оның орталығы Қазақ­станның Алматы қаласында орналасқан. Бүгінде Әлем халықтары жазушылары одағының Қазақстаннан басқа сегіз елде: Ресей Федерациясы, АҚШ, Қытай Халық Республикасы, Ұлыбритания, Түркия, Өзбекстан, Қырғыз және Тәжікстан мемлекеттерінде өкілдері мен мүшелері бар. Осы халықаралық ұйым - Әлем халықтары жазушылары одағының президенті Қайрат Дүйсеновке «Бейбітшілік миссиясының елшісі» төс белгісін Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы кеңесшісі, генерал-майор Әбен Нұрманов салтанатты жағдайда тапсырды.


Өткен жылдың 16 маусымында салтанатты тұсаукесер рәсімін өткізген ӘХЖО бірлестігінің қазіргі кезде әлемнің әр түкпірінде, әртүрлі мем­лекеттерде өмір сүріп, қалам тербеп жүрген жүзге тарта мүшесі бар. Олардың ішінде аты әлемге әйгілі ЮНЕСКО өкілдері Олжас Сүйлейменов, Әл-Халел Қарпық (Қазақстан), Әбен Нұрманов (БҰҰ-ның Қазақстандағы кеңесшісі), Максим Замшев (Ресей Федерациясы, Мәскеу), Валерий Поволяев (Ресей Федерациясы, Мәскеу), Әкпар Мажит (Қытай Халық Республикасы, Бейжің), Мишель Чан Браун (АҚШ, Вашингтон), Бэла Құдайбергенова (Ұлыбритания, Лондон), Якуб Омероғлы (Түркия, Анкара), Якубжон Хожамбердиев (Өзбекстан, Ташкент), Назарбек Бай­жігітов (Қырғыз, Бішкек), Абдусаттор Нуралиев (Тәжікстан, Душанбе) сияқты өз елдерінде кеңінен танылған қа­ламгерлер бар.


Тіркелгеніне бір жарым жыл ғана болған бұл халықаралық ұйымға қазақстандық қаламгерлер де көптеп тартылып жатыр. Бүгінде Ғаббас Қабышұлы, Үмбетбай Уайдаұлы, Марал Ысқақбай, Нәзікен Алпамысқызы, Зәкір Асабай, Зейнолла Тілеужанұлы, Ахмет Ашири, Серікбай Оспанов, Болат Шарахымбай, Ахмет Аляз, Хавазмат Қошқаров, Сағынбай Қозыбаев, Болат Бопайұлы, Данияр Әлбозым, Ақылбек Шаяхмет, Райхан Бектемісова, Алмаша Аренова сынды көптеген ақын-жазушылар қауымының өкілдері осы ұйымға мүшелікке өткен.


Бұған дейін «Бейбітшілік миссия­сының елшісі» (for merits in defending human rights and freedom) медалімен қоғам алдындағы еңбегі үшін Қазақстан Республикасының жеті азаматы мара­патталған.


aikyn.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар