Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ақпарат әлеміне латын әліпбиінде шығатын газет қос...

02.11.2018 3483

Ақпарат әлеміне латын әліпбиінде шығатын газет қосылды

Ақпарат әлеміне латын әліпбиінде шығатын газет қосылды  - adebiportal.kz

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Til-Qazyna» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2018 жылғы 2 қараша күні ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Тіл-қазына» республикалық ақпараттық-танымдық газетінің тұсаукесерін өткізді.

Шараға ҚР парламенті мәжілісінің депутаттары, зиялы қауым өкілдері,Министрлік қызметкерлері,тілтанушы ғалымдар және БАҚ өкілдері қатысты.

Елімізде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 19 ақпандағы №637 Жарлығында бекітілген латыннегізді қазақ әліпбиін нәсихаттайтын және жаңа әліпбиге қатысты ақпаратпен, танымдық материалдармен бөлісетін жаңа әліпбиде жарық көріп отырған тұңғыш басылым – «Til-Qazyna» республикалық ақпараттық танымдық газетін қалың оқырманға таныстырды. Айына екі рет жарияланатын газеттің мазмұнын, оның жаңа әліпбиге көшу кезеңіндегі маңызын түсіндірді.

Шара барысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы арнайы қатысып, газет ұжымын және ұйымдастырушыларды құттықтады. Сонымен қатар ғалымдар Мырзатай Жолдасбеков, Сұлтан Оразалин, жазушы Төлен әбдік, қоғамға танымал азаматтар Ерлан сайыров, Мұхтар Тайжан, т.б зиялы қауым өкілдері қатысып, құттықтау сөзін сөйледі. Газеттің алдағы уақыттағы бағыты талқыланып, бүгінгі қоғамның күн тәртібінде тұрған емле мәселелері жайында ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Газет таныстырылымы барысында өткен ғасырда латын әліпбиінде жарық көрген қазақ басылымдарының тарихына шолу жасалып, латын графикасындағы қазақ тілі әліпбиіне көшу кезеңдерінде жүргізіліп жатқан жұмыстар барысы пысықталды.

Adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар