Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
АҚШ-та «Қазақстан әлем фотографтарының көзімен» атты фотокөрме ашылды

12.12.2017 2123

АҚШ-та «Қазақстан әлем фотографтарының көзімен» атты фотокөрме ашылды

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен, ҚР-ның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұрақты өкілдігінің қолдауымен «PHOTO FEST KZ» халықаралық фотофестивалінің көрмесі ашылды.

БҰҰ-ның Көрме Залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Қазақстан әлем фотографтарының көзімен» атты мәдени шараға АҚШ, Франция, Италия, Түркия, Ресей және еліміздің әлемдік деңгейдегі фотографтарының 100-ден астам жұмысы қойылды.

Көрмені шетелдік дипломатиялық, елшілік өкілдері мен қала қонақтарын қамтыған 500 ден аса адам тамашалады. Әрі, таңдаулы фото картиналар арқылы олар Қазақстанды жаңа қырынан (ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, табиғат,) танып, өз бағаларын берді.

Естеріңізге салар болсақ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі аясында шетелдің ең үздік фотографтары Астана қаласында бас қосқан болатын. Олар ЭКСПО-дан бөлек еліміздің барлық аймақтарын аралап, көрікті орындарын суретке түсірген еді. Соның нәтижесінде Елордада «Қазақстан әлем фотографтарының көзімен» атты кітап басылып шықты.


Бұл реткі көркем картиналар көрмесіне еліміздің фото өнерін әлемге танытып жүрген белгілі фотографтар Асылхан Әбдірайым, Ерболат Шадрахов, Шүкір Шахай, Тұрар Қазанғап, Жеңіс Ысқабай, Сәрсенбек Қызайбек, Ерлан Омар, Айбек Аханов, Максим Рожин, Ақәділ Рысмахан, Алтынбек Қартабай, Сәби Маемеров, Мақсат Шағырбаевтардың таңдаулы туындылары көрермен назарына ұсынылды.

«Қазақстанды америкалықтар мен қатар күллі әлемге фотоаппараттың объективі арқылы таныстыруды мақсат тұттым», - дейді Халықаралық дәрежедегі фотограф Мақсат Шағырбаев.

strategy2050.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Көп оқылғандар