Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Алаштың ай қанатты арғымағы...

17.02.2014 1957

«Алаштың ай қанатты арғымағы

16 ақпан - Алаштың ардақты азаматы, қазақ әдебиетінің дамуына сүбелі үлес қосқан белгілі ғалым, қадірлі аға, құрметті ұстаз Рымғали Нұрғалидың өмірден өткен күні.

Осыған орай 17 ақпан күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде академик-ғалым атындағы дәрісханада «Алаштың ай қанатты арғымағы» атты ғалымды еске алу кеші өтті.

Саналы өмірін ғылым жолына арнаған таудай тұлғаның сәулелі бейнесі ешқашан ұмытылмайтындығы жиналған қауымның ыстық лебіздерінен білініп тұрды. Ғалымның ф.ғ.д. Дүкен Мәсімханұлы, Жанат Әскербекқызы, Серікат Дүйсенғазин сынды шәкірттері ұстаздары жайында зерделі сөздері мен жүрекжарды естеліктерін айтып, студенттерге рухани азық сыйлады. Алашұлына арнаған өлеңдерін де оқыды.

«Алқа» әдеби ұйымының құрамындағы бірқатар өнерлі студенттер арнау өлеңдерін оқып, ғалымның өзі өлсе де, сөзі өлмейтіндігін дәлелдеді.

                                       17.png


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар