Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
СӨЗ ДАУЫСЫ
Алдағы президенттік сайлау елдің рухани-саяси есей...

09.04.2019 2980

Алдағы президенттік сайлау елдің рухани-саяси есейгенін көрсетеді

Алдағы президенттік сайлау елдің рухани-саяси есейгенін көрсетеді - adebiportal.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Үндеу жариялап, онда қазіргі заманғы қоғамдық-саяси үрдістер мен геоәлемдік саясаттағы ахуалды барынша ескере және мемлекетіміздің заң шығарушы органы – Қос палаталы парламент басшыларын, сонымен қатар Конституциялық Кеңестің төрағасын қатыстыра отырып, елімізде үстіміздегі жылғы 9-шы маусымда Президенттің кезектен тыс сайлауын жариялады.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өз өкілеттілігін Қ.Тоқаевқа берген тарихи күнінен бастап Қазақстан үшін тарихи-демократиялық дамудың жаңа сапары басталды. Бұл – уақыт талабы. Қазақстан халқы осынау саяси жаңғырудың мән-мақсатын, идеялық ұстанымын, жалпыұлттық тұжырымын кең көлемде қолдай отырып, ел дамуының елеулі кезеңі, тағдыршешті жолы ақыл мен пайымға, саяси сауаттылық пен сарабдал ойға, азаматтық көзқарасқа жүгінетініне сенеді.

Жаһандық жылнамаға көз салсақ, осындай аса маңызды сәттерде көп ел басшысына иек артқан, халық береке-бірлікті ту етіп ұстанып, ынтымақтың ырысқа бастайтынын терең түсінген. Осы тұрғыдан келгенде, алдымызда тұрған президенттік сайлау елдің рухани-саяси есеюінің, азаматтық тұрғыдан, мемлекеттік пейілден ұлттық ұжымдасуға дайын екендігін көрсетеді. Ел назары елбасылық лауазымға лайықты Қазақстан азаматына ауады, қоғамдық ойдың қозғаушы күші халықтың бір мақсатқа ұмтылған мұратын айқындап береді деген ойдамын.

Ұлттық руханияттың кеңістігінде жүрген әрбір зиялы қауым өкілі осы мұрат жолында елдің бірлігі мен тұтастығына жауап береді деген пікірдемін. Кезектен тыс елбасы сайлауы Қазақстанның жаңа жолын, келер күндерін нұрлы белеске алып шығады деген ойдамын.

Тарихи сәтті, таңдаулы кезеңді үлкен үмітпен күтіп, осы жолда азаматтық даусымды ашық білдіремін. Бұл сайлау әрбір қазақстандыққа үлкен жауапкершілік, азаматтық борыш жүктейді.

Өтеген ОРАЛБАЙҰЛЫ,

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар