Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Алдағы сайлау Алаштың бірлігін көрсетеді...

09.04.2019 2555

Алдағы сайлау Алаштың бірлігін көрсетеді

Алдағы сайлау Алаштың бірлігін көрсетеді - adebiportal.kz

Еліміз егемендік алып, еңсесін тіктелгелі біраз жылдардың жүзі болды. Әдебиетіміз бен мәдениетіміз жаңа сатыға көтеріліп, өркенін жайды. Совет заманының залым-сұмдықтары келмеске кетіп, тарихымыз түгенделді.

Жаңа ғасырда Қазақстан ерекше қарқынмен дамып, ерен еңбегімен, төл мәдениетімен әлемге танылды. Небір ауыр кезеңдерден сүрінбей өтті.

ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Назарбаевтың сарабдал саясаятының арқасында елімізге бейбітшілік пен береке дарып, жүзден астам ұлт тату-тәтті өмір сүруде. Елбасының тарихи шешімімен жоғарғы билік Қасым-Жомарт Тоқаевқа ауысты.

Бүгін Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев маусымның 9 күні кезектен тыс сайлау өткізу туралы үндеу жариялады. Онда: «Қазақстан – демократиялық мемлекет. Президент халықтың таңдауымен сайланады. Мен, Мемлекет басшысы ретінде, сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін! Бұл – менің берік ұстанымым! Алдымызда зор міндеттер тұр. Мен халқымызға, яғни Сіздерге сенемін. Қадірлі Отандастар! «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» дейді дана халқымыз. Алдағы сайлауға баршаңызды барынша жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Еліміздің келешегі, әр отбасы мен әр азаматтың тағдыры Сіздердің шешімдеріңізге тікелей байланысты!», - деді.

Халқымыз үшін 9 – киелі сан. «Үйірімен үш тоғыз» деген халық арасында ұлағатты сөз бар.

Ендеше, алдағы сайлау әділ әрі бірлік пен ынтымақта өтетініне сенімім мол.

Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ,

Ақын, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері,

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар