Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Әлихан әлемі» атты әдеби конференция өтті...

10.11.2021 2370

«Әлихан әлемі» атты әдеби конференция өтті 12+

 «Әлихан әлемі» атты әдеби конференция өтті - adebiportal.kz

Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалында қазақтың мемлекет, саяси және қоғам қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш партиясының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханға арналған «Әлихан әлемі» атты әдеби конференция өтті.

Конференцияның мақсаты – Мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш партиясының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Ә. Бөкейханның сіңірген еңбегін насихаттау.

Іс-шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, публицист Алдан Смайыл, ҚР ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы, алаштанушы ғалым Сұлтанхан Аққұлы, жазушы, Мәдениет саласының үздігі Өтен Ахмет, жазушы, публицист Қайырбек Сәдуақасов, жазушы Берік Садыр, Жанат Елшібеков, ақын Аманжол Әлтай, дәстүрлі әнші Сырым Мұхамеджанов, айтыскер ақын Еркебұлан Қайназар, ақын, республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінің мәдениет және руханият бөлімінің меңгерушісі Мирас Асан, ақын Ерлан Жүніс, ақын, республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Рауан Қабидолдин ҚР Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы директорының орынбасары Олжас Қасым, алаштанушы ғалым Заңғар Кәрімхан, ақын, «Әдебиет» порталының тілшісі Арман Шеризат, жазушы, «Түркістан» газетінің тілшісі Бақытбек Қадыр, қатысты.

Іс-шараның модераторы - ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар