Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Алтын Букер» әдеби сыйлығы табысталған үздік шыға...

25.08.2018 2951

«Алтын Букер» әдеби сыйлығы табысталған үздік шығарма

«Алтын Букер» әдеби сыйлығы табысталған үздік шығарма - adebiportal.kz

Канадалық жазушы Майкл Ондатженің «Ағылшын пациент» атты романы «Алтын Букер» арнайы әдеби сыйлығын жеңіп алды.

Екінші дүниежүзілік соғыс жайлы жазылған роман 1992 жылы «Букер» сыйлығын алған. Кейін роман сюжетіне сәйкес фильм түсірілді. Онда басты рөлдерді танымал актерлер Рэйф Файнс пен Жюльет Бинош сомдаған. Айта кетерлігі, фильм 1996 жылы «Оскар» сыйлығын жеңіп алған еді.

Ал бұл жолғы үздік сыйлық романның өзіне бұйырыпты. «Алтын Букер» сыйлығының «Букер» сыйлығынан айырмашылығы – үздік роман қазылар алқасының шешімімен емес, оқырмандардың дауыс беру нәтижесі арқылы анықталады.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар