Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
"Алтын домбыра" иесі анықталды...

05.12.2016 5043

"Алтын домбыра" иесі анықталды

"Алтын домбыра" иесі анықталды - adebiportal.kz

АЙТЫС.jpg
Алматыда дәстүрлі «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы қорытындыланды. Биыл бесінші рет ұйымдастырылып отырған ақындар бәйгесі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.  


Үздік 20 ақын қатысқан бұл айтысқа Әділбек Ыбырайымұлы, Қонысбай Әбілов, Қойлыбай Асанов, Мұхамеджан Тазабек, Аманжол Әлтаев, Дәулеткерей Кәпұлы, Бауыржан Халиолла сынды бүгіндері айтысты аяқтаған алдыңғы буын ақындар қазылық етті. 

Айтыстың бірінші кезеңінде Ершат Қайболдин, Сырым Əділбек, Мақсат Ақанов, Әсем Ережеқызы, Шұғайып Сезімхан, Жансая Мусина, Айбек Қалиев, Мейірбек Сұлтанхан, Серікзат Дүйсенғазы, Иран-Ғайып Күзембаев, Рүстем Қайыртайұлы, Өміржан Көпбосынов, Қалижан Білдашев,Болатбек Мейірбекұлы, Еркебұлан Қайназар, Мұхтар Ниязов, Ержан Әміров, Аспанбек Шұғатаев, Нұрлан Есенқұлов, Нұрмат Мансұровтар айтысқан болатын.  


Екінші күні Мейірбек Сұлтанхан-Өміржан Көпбосынов, Еркебұлан Қайназар-Қалижан Білдашев, Мұхтар Ниязов-Серікзат Дүйсенғазы, Болатбек Оразбаев-Аспанбек Шұғатаев, Иранғайып Күзембаев-Жансая Мусина, Рүстем Қайыртайұлы-Ержан Әміров жұп құраған ақындар сөз сайысқа түсті. 


Аталған үміткерлер арасынан ең көп ұпай жинаған Болатбек Оразбаев пен Серікзат Дүйсенғазы, Мұхтар Ниязов пен Жансая Мусиналар қазылардың шешімімен «Алтын домбыра» үшін ақтық айқасқа шықты. 


Сонымен айтыстың бас жүлдесін қызылордалық Мұхтар Ниязов жеңіп алып, «Алтын домбырамен» қоса 3 миллион теңге қаржылай жүлдеге ие болды. Бірінші орын алматылық Болатбек Оразбаевтың еншісіне бұйырып, 2 миллион теңгеге ие болды. Екінші орынға Жансая Мусина (1 000 000 теңге) лайық деп танылды. Жүлделі үшінші орынға Серікзат Дүйсенғазы, Мейірбек Сұлтанхан, Өміржан Көпбосынов, Иранғайып Күзембаевтар ие болып. төрт ақынға 500 мың теңгеден қаржылай сыйлық берілді. 

Өзге қатысушы ақындарға 250 000 теңгеден берілді. Гран-При иегерін Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек құттықтап, жүлдесін тапсырды.

adebiportal.kz

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар