Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
"Алтын тобылғы" сыйлығының иегерлері анықталды...

09.12.2016 4299

"Алтын тобылғы" сыйлығының иегерлері анықталды

"Алтын тобылғы" сыйлығының иегерлері анықталды - adebiportal.kz
15355725_1141572519224163_2648681605064997559_n.jpg


Бүгін Астанадағы Назарбаев орталығында әдебиет саласындағы «Алтын тобылғы-2016» сыйлығын алу үшін өткізілген конкурстың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.


Рәсімге ақын, жазушы-әдебиетші Олжас Сүлейменов, мемлекет қайреткері Мырзатай Жолдасбеков, Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин, «Казахстанская правда» РГ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Александр Тараков қатысты.


«Алтын тобылғы конкурсымыз осымен екінші рет өтіп жатыр. Бұл мағыналы, мазмұны терең шара. Жастарға қамқорлық жасап, жас әдебиетке жол ашудың жартылай мемлекеттік, жартылай қоғамдық сипаты бар конкурсқа айналып жатыр. Алтын тобылғы деген аттың өзі қазақы сипат, ұлттық сипатты беріп жатыр. Оның негізгі құрылтайшысы — алғашқы Президент қоры. Ал идеяның авторы — Жазушылар одағы», — деп атап өтті өз сөзінде Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин.


Айта кетейік, «Алтын тобылғы» әдебиет сыйлығы – жас қазақстандық авторлардың шығармашылық потенциалын жүзеге асыруға арналған жоба. Өтінімдер қабылдау осы жылдың 1 шілдесінен басталған болатын. Конкурстың сыйлық қоры – 7 млн 600 мың теңге.


«Алтын Тобылғы» сыйлығы «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік балалар әдебиеті» деген төрт номинация бойынша тағайындалған. Әрбір номинацияның жеңімпазына 1 миллион теңге сыйақы беріледі. Сонымен қатар, биылғы жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай арнайы тақырыптық номинация жарияланды. Бұл номинация бойынша сыйақы 1,5 миллион теңге көлемінде белгіленді.



15356542_10208039658009461_6187873604639508139_n.jpg



Бүгін марапаттау рәсімінде 5 номинация бойынша 6 үздік шығарма авторлары белгілі болды.


Атап айтатын болсақ, Алмас Нүсіп, Серікбол Хасан, Олжас Қасым, Еркеғали Бейсенов, Қанат Тілеухан, Әлібек Байбол сияқты қаламгерлер иеленді. 




adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар