Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Алтын қалам» тәуелсіз әдеби байқауы мәреге жетті...

10.09.2014 5616

«Алтын қалам» тәуелсіз әдеби байқауы мәреге жетті

«Алтын қалам» тәуелсіз әдеби байқауы мәреге жетті - adebiportal.kz
                                  Без имени-1.jpg

Жас ақындар мен жазушыларды қанаттандырған республикалық «Алтын қалам» тәуелсіз әдеби байқауы өз мәресiне жеттi. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 10 қыркүйек күні сағат: 19:00 де  Ықылас Дүкенұлы атындағы Республикалық музыка аспаптар мұражайында өтті. GSM Қазақстан/Kcell, Samsung  ұялы байланыс операторының және «Казкомерцбанк» ұлттық банкінің демеушiлiгiмен ұйымдастырылған байқауда қатысушылар:

«Жылдың ең үздік поэзиясы»
«Жылдың ең үздік прозасы»
«Жылдың ең үздік драматургиясы»
«Жылдың ең үздік балалар шығармасы»
«Қазақ әдебиетіне қосқан елеулі еңбегі үшін» номинациялары бойынша  өзара сынға түстi.

Республикалық «Алтын қалам» әдеби байқауы  2010 жылдың мамыр айынан бастап өткізіліп келеді. Дарынды қаламгерлерді қолдайтын «Алтын қалам» байқауы – Қуат Домбай, Досым Сатпаев, Расул Жұмалы, Ербол Жұмағұлов, Айдос Сарым және Кенже Жұманұлы сияқты қоғамның әр саласында өзiндiк қолтаңбасын қалдырып жүрген азаматтардың идеясы. Кез келген адам танымалдылығына, кәсіби дайындығына, шығармашылық одақтардағы мүшелігіне, мекенжайына және т.б жағдайларға қарамастан, жүлдеге қатысуға құқылы. Әдеби байқаудың негiзгi мақсаты – рухани-мәдени құндылықтарды дамыта отырып, жас таланттарды халыққа кеңiнен таныстыру. Жүлдеге жолданған шығармалардың барлығы  «Әдебиет порталында» жарияланды. Оқырмандар әрбір қатысушының шығармалары жарияланған парақшасын ашып, конкурс материалдарымен танысып, дауыс берді.
Сонымен жеңімпаздардың тұғырынан мына шығармалар оқ бойы озып шықты:
«Жылдың ең үздік поэзиясы» аталымы бойынша «Жол» өлеңімен Оразбек Сапархан жеңімпаз атанса, «Жылдың ең үздік прозасы» аталымы бойынша «Мұңлық» әңгімесімен Сәкен Сыбанбай, «Жылдың ең үздік драматургиясы» аталымы бойынша Ақылбек Шаяхметтің «Завещание Ибрая» шығармасы, «Жылдың ең үздік балалар шығармасы» аталымы бойынша Ботакөз Жалмағанбетова «Киіз үй» туындысымен, «Қазақ әдебиетіне қосқан елеулі еңбегі үшін» аталымымен ақын Есенғали Раушанов үздiктердiң үздiгi атанды.  
Қаламгерлердің еңбегі осындай жоғары марапатқа лайық деп танылды. Әдебиет тарихының тағы бір парағына жазылған есімдерді біз де құттықтаймыз. 
Фото Руслана Канабекова_01.JPG
Фото Руслана Канабекова_02.JPG
Фото Руслана Канабекова_03.JPG

Фото Руслана Канабекова_04.JPG
Фото Руслана Канабекова_05.JPG
Фото Руслана Канабекова_06.JPG
Фото Руслана Канабекова_08.JPG
Фото Руслана Канабекова_07.JPG
Фото Руслана Канабекова_09.JPG
Фото Руслана Канабекова_10.JPG
Фото Руслана Канабекова_11.JPG
Фото Руслана Канабекова_12.JPG
Фото Руслана Канабекова_13.JPG

Фото Руслана Канабекова_17.JPG
Фото Руслана Канабекова_14.JPG
Фото Руслана Канабекова_15.JPG
Фото Руслана Канабекова_16.JPG
Фото Руслана Канабекова_18.JPG
Фото Руслана Канабекова_19.JPG
adebiportal.kz

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар