Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Алтын көпір» халықаралық аудармашылар байқауы бас...

23.07.2015 2802

«Алтын көпір» халықаралық аудармашылар байқауы басталды

«Алтын көпір» халықаралық аудармашылар байқауы басталды - adebiportal.kz


  

 

20150720081458.jpg

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Ресейдегі Қазақстан Республикасының Елшілігі, Қазақстан Жазушылар одағы және «Қазақстан КВН одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Алтын көпір» халықаралық аудармашылар байқауы өтеді. 
Аудармашылар байқауының ақпараттық демеушісі «Әдебиет порталы» 

Байқау Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы халықтары арасындағы халықаралық бейбітшілік пен келісімді, өзара түсіністік, әдеби және мәдени қарым-қатынастарды нығайтуға, тіл мәдениетін дамытуға және таратуға, қазақ әдебиетінің дамуын қолдауға және насихаттауға жәрдемдесу мақсаттарын көздейді. 


Өздерін ерекше көрсете білген конкурс қатысушыларына 100 000 теңге көлеміндегі ынталандыру сыйлығы да дайын. Шараға 18 жастан асқан Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аудармашылық саласындағы мамандары қатыса алады. Байқау 15 шілде-15 қазан айлары аралығында бірнеше кезең бойынша өткізіледі. Өтініштерді қабылдау 20 тамыз күні сағат 18.00-ге дейін жүргізіледі (Астана уақытымен)  Байқау ережесімен  таныс болыңыздар.



adebiportal.kz    


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар