Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Алтын сақа» балалар әдебиеті шығармаларының респу...

29.06.2022 4856

«Алтын сақа» балалар әдебиеті шығармаларының республикалық байқауы 12+

«Алтын сақа» балалар әдебиеті шығармаларының республикалық байқауы - adebiportal.kz

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялап, «Балалар – мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі. ...Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз» деген болатын. Өскелең ұрпаққа тарихымызды, әдебиетімізді, мәдениетіміз бен дәстүрімізді насихаттап, қоғамдық сананы жаңғырту өте маңызды.


Қазіргі таңда балалар әдебиеті жанрының кенже қалып тұрғаны жиі талқыланады. Бала тәрбиесіне, зердесіне, таным-түсінігіне және қиял-ғажайып әлеміне әсер ететін негізгі құралдардың бірі – балалар әдебиеті оқулықтары мен телеарналар. Қазақ тілінде балалар әдебиеті бағыты бойынша жаңа есімдер жоқтың қасы. Ұлттық сананы тамырынан үзіп алмай, жаңа заманға сай етіп бейімдеудің басты тетіктерінің бірі – жас ұрпақты ұлттық әдебиетіміздің қайнар-көзімен сусындата білу. Бұл балалардың таным көкжиегін арттырып, ертегілер мен әңгімелерден пайдалы ақпарат, мол тәлім алуына септігін тигізері сөзсіз. Сондықтан балаларға арнап қалам тербейтін жазушылардың ынтасын арттырып, өскелең ұрпақты адамгершілікке, отансүйгіштікке және т.б. ізгі қасиеттерге баулу өте өзекті.


Осыған орай, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ және «Қазақстан Жазушылар одағы» РҚБ «Балалар жылы» аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Алтын сақа» балалар әдебиеті шығармаларының республикалық байқауын (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастырады.


Байқаудың мақсаты – балалар әдебиеті дамыту, қазақстандық балалар әдебиеті жазушыларына қолдау көрсету.


Байқаудың қатысушылары:


- Қазақ әдебиетіне үлес қосып жүрген және шығармаларымен танылып келе жатқан 18-35 жас аралығындағы қаламгерлер қатыса алады.


Байқаудың тілі: қазақ тілі.


Байқаудың бағыттары:


Байқауға қатысушылар еркін тақырыпта проза жанры бойынша 2 бағыт бойынша бақ сынайды:


– Ертегілер (бастауыш және орта буын мектеп оқушыларына арналған);


– Шағын әңгімелер (жасөспірімдерге арналған).


Байқаудың мерзімдері:


Байқауды өткізу шарттары, тәртібі және мерзімі туралы ақпараттар баспа және интернет БАҚ-та 2022 жылғы 1 шілдеге дейін жарияланады;


Байқауға қатысушы үміткер өзінің шығармасын және жеке мәліметтерді толтырып (1-қосымшада берілген), бір файлға жүктеп («Алтын сақа» балалар әдебиеті шығармалары байқауына» тақырыбымен), altyn.saqa01@gmail.com, altyn.saqa01@mail.ru, balalarbaikaui@gmail.com электронды пошталарына 2022 жылғы 19 тамызға дейін (қоса алғанда) жолдауы қажет;


Байқау шығармалары – 2022 жылғы 31 тамызға дейін қазылар алқасының сараптамасынан өтеді;


Байқау қорытындысы – 2022 жылғы қыркүйек айында жарияланады;


Байқау қорытындысы ретінде 2 бағыт бойынша жинақталған барлық шығармалар іріктеліп, жинақ ретінде 2022 жылғы қараша айында басылып шығады.


Шығармаларға қойылатын талаптар:


1. Бір қатысушы байқаудың екі бағыты бойынша қатыса алады.


2. Мерзімінен кешіктірілген шығармалар сараптауға жіберілмейді.


3. Байқау жұмыстары MS Word форматында Times New Rоman қарпімен, 14 қаріп мөлшерінде 1,0 аралықта теріліп, 3-5 беттен аспауы керек.


Қатысушыларға қойылатын талаптар:


1. Балаларды адамгершілікке, парасаттылыққа, отансүйгіштікке, сананың ашықтығы мен ұлттық бірегейлікті сақтауға, сондай-ақ ана тілін жетік білуге, әдеби сөздік қорын байытуға бағытталған шығармалар болуы қажет.


2. Жасөспірімдер мен өскелең ұрпаққа қызық, заманауи әрі өзекті тақырыптар бойынша фантастикалық және шытырман оқиғаларға толы білімге құштарлыққа, бәсекеге қабілеттілікке, прагматизм қағидаттарына сүйенген шығармалар, сонымен қатар, шығармаларда сүйіспеншілік, мейірімділік, қайырымдылық, өмірлік мақсат, әділдік, еңбекқорлық секілді терең ойлы құндылықтар насихатталуы тиіс.


3. Қоғамның дамуына жаңаша көзқарас қалыптастыратын, заманауи тұлғаның қабілеттері мен дағдыларын көрсететін, сондай-ақ жастардың қызығушылық тудыратын креатив идеялар және қазіргі шетелдік шығармалармен бәсекелесе алатын туындылар болуы тиіс.


Авторлық құқық


- Байқауға қатысатын шығарманың авторлық құқығының сақталуына жұмысты байқауға жіберген қатысушы жауапты.


- Шығарманы байқауға жібере отырып, оның авторы автоматты түрде байқаудың ұйымдастыру комитетіне жіберілген материалды жинаққа және интернетте орналастыру құқығын береді.


Байқауға проза жанры бойынша төмендегі бағыттар бойынша жүлде тағайындалады:


«Ертегілер:


а) І орын – 300 мың теңге (біреу);


ә) ІІ орын – 200 мың теңге (біреу);


б) ІІІ орын – 100 мың теңге (біреу);


в) Ынталандыру сыйлығы – 50 мың теңге (бесеу).


«Шағын әңгімелер»:


а) І орын – 300 мың теңге (біреу);


ә) ІІ орын – 200 мың теңге (біреу);


б) ІІІ орын – 100 мың теңге (біреу);

в) Ынталандыру сыйлығы – 50 мың теңге (бесеу).


Ұйымдастырушылардың міндеттері:


- қазылар алқасының құрамы іріктеліп, ұйымдастырушылардың шешімімен бекітіледі;

- ұсынған шығармаларды ұйымдастырушылар жанынан құрылған қазылар алқасы қарайды;

- қазылар алқасы 5 адамнан тұрады, олардың әрқайсысы бір дауысқа ие;

- ұйымдастырушы байқау шығармаларын жеке-жеке бағалайды;

- ұйымдастырушылар жеңімпаз атанған үздік шығарма иелерін дипломмен марапаттайды;

- байқауға келіп түскен шығармаларды ұйымдастырушылар іріктеп, арнайы жинақ ретінде басып шығарады.

Жеңімпаздарды марапаттау:

Жеңімпаздар екі бағыт бойынша І, ІІ, ІІІ жүлделі орындар мен ынталандыру сыйлығымен (номинациялармен) марапатталады. Марапаттау рәсімі 2022 жылғы қыркүйек айында өтеді.

Жеңімпаздар туралы ақпараттар әлеуметтік желілер мен сайттарда жарияланады.

Байқау туралы сұрақтар бойынша байланыс тел.: +7 (7272) 261 6295, 272 6193. Ұялы тел.: +7 775 846 3705, +7 702 697 8598, +7 775 657 7838, +7 707 133 7899.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар