Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Антальядағы ежелгі Аспендос амфитеатры...

05.12.2016 6551

Антальядағы ежелгі Аспендос амфитеатры

Антальядағы ежелгі Аспендос амфитеатры - adebiportal.kz

Көне амфитеатрларымен өте танымал ежелгі қала – Аспендос (Aspendos) немесе Белкыс (Belkıs) Түркияның Анталья провинциясы, Серик ауданының Белкыс ауылында орналасқан.

Aspendos-Аспендос.jpg

Аспендос амфитеатры, Серик ауданынан 8 км. шығыста Көпрүчайының таулы аймағынан жазықтықта созылған жерінде б.з.б. Х ғасырда Акалар тарапынан құрылып, ежелгі дәуірдің керемет бай кенттерінің бірі болған. Бұл көне театр бірі үлкен, бірі кіші екі төбе арасында б.з. ІІ ғасырда Римдіктер тарапынан соғылған.

Aspendos3.jpg

Жағрапияшы Страбон және Пампонрус Мела, Агруслулар тарапынан құрылғанын алға тартады. Бұл аймаққа б.з.б. 1200 жылдан кейін грек көштері пайда болған. Яғни, Аспендос есімінің түп төркіні римдіктерден бұрын жергілікті Анадолу (Aнатолья) тілі болғанын айтуда. Маңызды сауда жолы бойында орналасқандықтан Көпрүчай өзені мен айлақпен байланысқаны үшін Аспендос, әр дәуірде де жаулап алғысы келген қалалардың қатарында болған.

Aspendos.jpg

Аспендостың ең маңызды ғимараты - амфитеатр. Ежелгі театрлар арасындағы ең жақсы сақталған ашық аспан театры болып есептеледі. Анадолудағы бұл театр Рим театрларының бүгінгі күнге дейін көздің қарашығындай сақталып келген ең ескі әрі мықты ғаламат ғимарат. Архитектурасы аспендостық Теодордың ұлы Зенонға тиесілі. Ғимарат құрылысы Антониус Пьюдің кезінде басталып, Маркус Аурелиустің кезінде аяқталған (138-164). Театр, кенттің жергілікті құдайымен бірге императордың жанұясына арнап ұсынылған-мыс.

Aspendos2.jpg

Географиялық координаты: 36°56'20" N - 31°10'20" E

Aspendos1.jpg

Мұнда жыл сайын мыңдаған жергілікті және шетелдік туристер Аспендоста саяхаттайды. Қазіргі таңда бұл ежелгі театр концерттер мен түрлі іс-шаралар үшін қолданылуда.

Aspendos сoncert.jpg

Ежелгі амфитеатр Аспендос туралы мынадай бір шағын аңыз бар. Бір кездері патша Аспендостың айдай көрікті қызы болыпты. Оған барлығы үйленгісі келген екен. Патша қызын кімге берерін білмегені үшін халыққа: “Кімде-кім Аспендос кентіміз үшін теңдесі жоқ пайдалы нәрсе жасайтын болса, қызымды соған беремін!” деп жар салады. Осыған байланысты егіз екі бауыр, екі үлкен нәрсе жасайды. Біріншісі, кентке өте ұзақтан әрі қиын жолмен келетін су құбырларын тұрғызса, ал екіншісі, дауысы акустикалық жүйемен жасалған ғажайып Аспендос театрының есігін айқара ашады. Патша су құбырларын көргеннен соң, қызын су құбырын жасаған жігітке бергісі келеді. Осыған байланысты театрдың архитекторы Зенон, патшаға арнап бір қойылым қояды. Патша амфитеатрдың жоғары қатарын аралап, таңсанып жүрген сәтінде “Мен қызыңызды жар етуім керек, мен қызыңызды жар етуім керек”- деген керемет әуен құлағына жетеді. Патша іздеген осы сазды әуеннің иесін, төмендегі алаңқайдан көреді. Амфитеатрдың акустикалық жүйесіне таң қалған патша үлкен бір қылышпен қызын екіге бөліп, екі бауырға берген деседі...

Cөзіміздің дәлелі ретінде, Аспендос афмитеатрын бізге де көру нәсіп болды. Бұл көне амфитеатрды, Халықаралық Түркі әлемі педагогика және қоғамдық ғылымдар конгесіне қатысушы бір топ қазақстандық делегациялармен бірге барып, тамашалап қайттық. Таң қалмасқа шара жоқ! Аңызда айтылғандай, бұл ғимараттың акустикалық жүйесіне патшаның таң қалуы әбден орынды...

20161204_122131.jpg

20161204_121507.jpg


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар