Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Әр нәрсеге айқындық керек...

09.04.2019 2461

Әр нәрсеге айқындық керек

Әр нәрсеге айқындық керек - adebiportal.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 9 маусымда бүкіл халықтық Президент Сайлауы өтетінін мәлімдеді. Бұл шынында да өте маңызды саяси, әлеуметтік, тарихи маңызы бар қажетті іс деп ойлаймыз. Себебі, әр нәрсеге айқындық керек. Мемлекетте билік алмасқан кезде уақытша басқару да тарихи қажеттіліктен туған.

Ал енді бүкілхалықтық заңды сайлау өткізу, заңды президент сайлап алудың дәл осы жерде тарихи мәні бар. Біздің Қазақстан осы жылдар ішінде экономика, саяси, мәдени, өркениет жағынан үлкен жетістіктерге жеткен болса, оны ары қарай дамыту, белгіленген межелерге жеткізу де алда тұрған міндет.

Соған еліміздің дамуын ұштастырып үлкен биіктерге қол жеткізуге көзделген мақсат-мұраттар бар. Осы орайда сайлау үлкен рөл атқаратынын байқаймыз.

Сыртқы саясатта да Қазақстанның беделі жылдан жылға өсіп келеді. Озық елдермен терезесі тең үзеңгілес жағдайларға жеттік. Бұл сайлаудың демократиялық, әділ, таза, өтуіне мен өзім кепіл боламын деген президент сөзі көкейіме қонды. Бұл дегеніміз, алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді деген қазақтың мақалын келтіріп отырып айтқанда, халықтың жағдайын ойлап отырғаны да көрініп тұр.

Ел бірлігі, ынтымағы бұзылмасын деген ойларға қосылмайтын адам жоқ. Қаламгерлер қашан да халықтың, елдің тұтастығын ойлайтын халық. Саяси партиялар елді жік-жік, жан-жаққа бөліп жібермейтін шығар деп ойлаймыз. Олардың да таянышы, тірегі - халық. Партиялардың өзін бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ауызбіршілікте болғанын қалаймыз әрине.

Осы сайлау біздің еліміздегі демократиялық қандай деңгейде екенін жалпақ әлемге танытады ғой деген ойдамыз. Қалай болғанда да біздің халық өзінің өркениетті жолдағы ел екенін осы сайлауда бір көрсететін шығар.

Ұлықбек Есдәулет

Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының төрағасы


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар