Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Аралда «Соңғы парыз» романының кейіпкерлеріне еск...

10.11.2015 13230

Аралда «Соңғы парыз» романының кейіпкерлеріне ескерткіш орнатылды

 Аралда «Соңғы парыз» романының кейіпкерлеріне ескерткіш орнатылды - adebiportal.kz


Жуырда Қызылорда облысы, Арал ауданында Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романының кейіпкерлері Жәдігер мен Бәкизатқа арналған символикалық композициялық ескерткіш белгі ашылды. Шараға Ә.Нұрпейісов отбасымен бірге қатысып, халықтың ықылас-қошаметіне бөленді.



Өткен жылы Аралда жазушының тоқсан жылдық мерейтойына орай шығармашылық үйі ашылған болатын. Өскелең ұрпақ әдебиет үйінен жазушының шығармашылығымен танысып, танымал тұлғалармен түскен суреттерін тамашалай алады. Сонымен қатар, Башқұрт жазушысы Мұстай Кәрімнің сыйға берген шапаны қойылған. Жоғарыда аталған ескерткіш осы шығармашылық үйінің алдына орнатылды. Оны Ақтау қаласының сәулетшісі Көшер Байғазиев мүсіндеген.



Ескерткіштің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Әбдіжәміл Нұрпейісов: -Бұдан кейін туған топыраққа келудің сәті түсе ме, білмеймін. Ол енді Алланың бұйрығына, денсаулығыма байланысты. Бірақ дәл қазір шексіз қуаныштымын, - деп ағынан жарылды.



Айта кетейік, елімізде Ә.Нұрпейісов шығармаларының кейіпкерлеріне ғана ескерткіш оранатылған. Алғашқысы 2008 жылы Ақтөбе қаласында «Қан мен тер» романының кейіпкерлеріне қойылды. Бұл — Қазақстанда әдеби шығарма кейіпкерлеріне қойылған тұңғыш ескерткіш. Оның авторы — Ерік Жауынбаев.



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар