Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Аспанның мәңгілік назарында» атты 10 сериялы дере...

04.02.2016 2500

«Аспанның мәңгілік назарында» атты 10 сериялы деректі фильмнің тұсаукесері өтеді

«Аспанның мәңгілік назарында» атты 10 сериялы деректі фильмнің тұсаукесері өтеді - adebiportal.kz


Ертең, яғни ақпанның 5-інде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Бақыт Қайырбековтың авторлық жобасы «Аспанның мәңгілік назарында» атты 10 сериялы ғылыми-танымдық деректі фильмінің тұсаукесері өтеді. Шара сағат 15:00-ге жоспарланған.


Фильмді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының тапсырысы бойынша «Мерген» студиясы түсірген. Бұл бірегей жоба Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» кітабы негізінде Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арнайы даярланды. Фильмде «Аспанның мәңгілік назарында» елдің басты тарихи оқиғалары – Ұлы Жібек жолы, Керей мен Жәнібек хандардың 1465 жылдан бастап билік құрған, яғни Қазақ хандығының негізі қаланған кезең, моңғол шапқыншылығы мен әлемдік геосаяси тұрғыдағы қайта бөлісу, тәуелсіз Қазақстанның құрылуы, ұлттық бірліктің жаңа символына айналған – елорда Астана және заманауи мемлекеттің негізін қалауға баға жетпес үлес қосқан – ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың тарихи тұлғасы айқындалған.


Фильмнің әр бөлімі өз алдына кесек туынды болып табылады, онда көшпелі халықтардың ежелгі заманнан бергі дүниетанымы жайлы, әлемдік өркениет пен «мәдениеттер байланысы» жетістіктері мен жаңалықтары, жабайы жылқыны қолға үйрету мен алғашқы металлургиялық пештердің пайда болуы, үзеңгі мен оттың және өзге де әлемдік өркениеттің құндылығы болып табылатын ноу-хаулардың сыры ашыла түседі.


Сериал тек тарихи емес, сонымен бірге қазақ халқының ұлы мұрасы саналатын мифологияға, фольклор мен этнографияға негізделген философиялық, дүниетанымдық туынды болып есептеледі.


Еске сала кетейік, 2015 жылы Вашингтон қаласындағы Джордж Вашингтон университетінде және Нью-Йорк қаласындағы Роберт Де Нироның Tribeca киностудиясында екі серияның ағылшын тілінде тұсаукесері өткен болатын. Фильм америкалық аудитория арасында үлкен қызығушылыққа ие болып, Қазақстанның шетелдегі мәдени бейнесін нығайтқаны сөзсіз.



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар