Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Астана күніне орай NDH DIGEST желілік журналы жары...

03.07.2017 3734

Астана күніне орай NDH DIGEST желілік журналы жарық көрді

Астана күніне орай NDH DIGEST желілік журналы жарық көрді - adebiportal.kz

Астана күні мерекесі қарсаңында National Digital History (www.e-history.kz) интернет порталы жаңа желілік NDH DIGEST танымдық журналын қалың оқырманға таныстырды.

Журналдың негізгі мақсаты – Қазақстан тарихын танымдық тұрғыдан, бүгінгі сарынға сай, жеңіл тілде жеткізу. Одан бөлек басылым заманауи тәсілдегі инфографика, сапалы суреттер және әсерлі дизайнымен ерекшеленеді. Алғашқы саны санаулы күн қалған айтулы мереке Астананың туған күніне орай «Бозоқтан Астанаға дейін» деген атаумен жарық көрді. «Қазконтент» АҚ Басқарма Төрағасы Е.Кочетовтің сөзінше, енді журнал қазақ және орыс тілдерінде айына бір рет оқырмандарға жол тартады. Сондай-ақ, ол журнал: «Әрбір атаулы дата мен тарихи оқиғаларды қамтып отыратын кең көлемді журнал болады» деп айтты. Электронды басылымның жалпы көлемі – 50 бет.

Ел сүйсінген Елордамыз 20 жылдың аясында әлем мойындағанымен қоймай, осы уақыт аралығында және бүгінгі күні Астана әлемдік тұрғыдағы айтулы оқиғалар орын алатын басты алаңға айналды. Басты шаһардың бағзы тарихына болсақ, түбі Бозоқтан бастау алатын Астананың өткені өте бай әрі терең екенін портал редакциясының тілшілері тың ізденістермен толықтырып отыр.

Жаңашыл журналда әсем Астананың тағылымды тарихымен қатар бүгінгі жарқын да жайлы өмірінен баян ететін тың мәліметтер, әсерлі әңгімелер мен қызықты естеліктер, инфографикалар жарияланды.

Тұсауы кесілген NDH DIGEST желілік журналы – болашақта терең тарихымыз бен тұғырлы тәуелсіздігімізді жырлайтын басты танымдық ақпарат құралы боларына сенімдіміз.

Журналды оқу үшін келесі сілтемеге өтіңіз:

http://e-history.kz/kz/books/library/read/2000#scontent


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар