Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
Астанада «БАҚ және тіл мәдениеті» республикалық се...

15.09.2017 7282

Астанада «БАҚ және тіл мәдениеті» республикалық семинар-тренингі өтті

Астанада «БАҚ және тіл мәдениеті» республикалық семинар-тренингі өтті - adebiportal.kz

Бүгін Астанада ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасымен «Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-əдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен «Бұқаралық ақпарат құралдарын жəне тіл мəдениеті» атты республикалық семинар-тренинг өтті.

Семинар қазақ тіліндегі баспа және медиа БАҚ-та сөздерді дұрыс қолдану, тіл тазалығы мен мәдениеті, сөздік қор және терминдерді қолдануда бірізділікті сақтауды мақсат етіпті.

Аталған іс-шараны Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Сәрсенбайұлы кіріспе сөз сөйлеп, "Сын - садақ емес, барлығымызға сабақ" деп семинарды ашып берді.

Семинарда БАҚ тақырыбына арналған тұщымды ой-пікірлер айтылды. Семинар-тренингте кəсіби мамандар дəріс оқып, шеберлік сабақтарын көрсетті. Солардың бірі, ф.ғ.д., профессор Шерубай Құрманбайұлы “Бұқаралық ақпарат құралдарындағы сөз қолданысы” тақырыбында тіл тазалығы, сын, терминдердің қолданысы жайында сөз қозғады.

Ұлттық аударма бюросының үйлестірушісі, "Жас Алаш" газетінің Бас редакторының орынбасары, ақын Есей Жеңісұлы "Ақпарат айдынындағы қазақ тілі: қандай қателіктер жіберіп жүрміз?" деген қызықты тақырыпта сөйлеу мәдениеті, тіл нормасының сақталуы және журналисттік тәжірибесімен бөлісті.

“Республикалық радио” ЖШС Бас директорының орынбасары – "Қазақ радиосының" жетекшісі əрі ақын Серік Сейітман "Эфирге қонақ таңдауда теле-радио журналистері ескеруге тиіс маңызды тұстарын" айта келе, ана тілі туралы зиялы қауым өкілдерінің асыл мұрасымен бөлісті. Сонымен қатар, радио саласында көркемдік кеңестен өтпей, сәтсіз шыққан өлеңдерді талдады.

“Til-audit.kz” сайтының редакторы Жасұлан Наурызалиев “Орталық және жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет-ресурсындағы мемлекеттік тілдің ахуалы” тақырыбында еліміздегі қазақ тілді интернет парақшалардағы кемшіліктер мен атқарылатын істердің мол екендігін тілге тиек етті.

Семинар-тренингке ғалым, мамандармен қатар еліміздің түрлі өңірлерінен келген баспа БАҚ қызметкерлері, теле-радио және сайт тілшілері қатысты. Шара соңында қатысушыларға сертификат табысталып, олармен бірге естелік фото түсірілді.

Ғалымжан Сәрсенбайұлының айтуынша, аталмыш шара енді жылда екі рет өткізіліп тұрмақ.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар