Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ӨНЕР
Астанада алғаш рет әдеби-сазды бал өтті...

11.12.2017 7370

Астанада алғаш рет әдеби-сазды бал өтті

Астанада алғаш рет әдеби-сазды бал өтті - adebiportal.kz

2017 жылдың 8 желтоқсанында елбасымыздың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасына орай, Қазақстан орталық концерт залында Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен "Əдеби-сазды бал" өтті.

Салтанатты думанның басты мақсаты – жастарды мәдениет пен өнерге баули отырып, мәдени жетістіктерді паш ету.

«Қазақ­стан» концерт залының зәу­лім әрі кең фойесінде өткен бұл шараға мемлекет қайраткерлері, университет ректорлары, дәстүрлі ән-би өнерін насихаттаушы әнші мен бишілер, балет әртістері, ақын-жазушылар және т.б. көптеген қонақтар қатысты. Сондай-ақ, кітапхана ұжы­мы «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасымен үндес оқулықтардың көрмесін өткізді. Отандық әрі әлемге танымал ақындар мен жазушылардың үздік туындыларымен бірге, жиналған қауым өткен ғасырдың 1920-1940 жылдарында латын әліпбиінде жарыққа шыққан кітаптармен танысуға мүмкіндік алды.

Әдеби қаhармандар бас қосқан бұл кеште кітаптан жасалған инсталляция, образдарда киінген Томирис, Джулетта мен Ромео, Алдар көсе және батырлар болды. Тамылжыған əндер де орындалып, жырдан шашу шашылды.

Күмбірлеген күй кештің сәнін ашты. Веналық "Полонез" және қазақ вальсі тарту етіліп, би көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Кішкентай биші балалар мен жеткіншектер де өз өнерлерін ортаға салды.

Салтанатты бал кешінің «Ханзадасы мен ханшайымы» - Дастан Оңдашев пен Раушан Муталипова, ақын Анар Қабдуллина - «Жыл оқырманы» атанды. Сондай-ақ, «Образды киім», «Жыл ақыны» т.б. көптеген номинациялар анықталды.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар