Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Астанада «ЭКСПО-2017 Қазақстаным-Ғажапстаным» атты...

30.03.2017 4476

Астанада «ЭКСПО-2017 Қазақстаным-Ғажапстаным» атты Республикалық жыр бәйгесі өтеді

Астанада «ЭКСПО-2017 Қазақстаным-Ғажапстаным» атты Республикалық жыр бәйгесі өтеді - adebiportal.kz

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Сәкен Сейфуллин мұражайы осымен жетінші рет өткізгелі отырған дәстүрлі мүшәйраға еліміздің барлық арқалы ақындарын тағы да аламан жыр бәйгесіне қатысып, өз бақтарын сынауға шақырады. Бұл жолғы мүшәйраның алтын қазығы, жыр арқауы – «ЭКСПО-2017 Қазақстаным-Ғажапстаным!»

«Арайлы Азаттық аясында еркін тыныстап, өз алдымызға шаңырақ көтеріп, Ту тігіп, елдігімізді әлемге әйгілеп отырғанымызға ширек ғасырдан асып келеді! Осы қысқа ғана уақыттың ішінде қаншама жетістіктерге жеттік. Ел ордасы салынып, ел іргесі бекіді. Тар жол, тайғақ кешулі қиын кезеңдерден өттік. Тәубә, әрине! Өткенге салауат дей отырып, болашақты бағдарлайтынымыз айқын. Бүгінгі таңда біздің елді білмейтін ұлыс кемде-кем шығар. Оның дәлелі ретінде күллі ғалам көз тігіп, дүниенің түкпір – түкпірінен миллиондаған қонақтар қатысады деп күтіліп отырған ЭКСПО – көрмесін айтуға болады. Бұл біз жеткен жетістіктің заңды айғағы. Қазақ елінің қуатты мемлекет ретінде қалыптасқандығы. Тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды.


Мүшәйраның басты мақсаты – еркін Елдің бүгінгі ажары мен ертеңгі жарқын келешегін және де бағындырған белестерімен жеткен жетістіктерін тебірене жырға қосу, қазақ жырының қоржынына қомақты олжа салу. Ұлы даланың тарихи тұлғаларын ел басынан өткен ұлы оқиғалармен ұштастыра отырып, ірі шығармалар тудырса деген тілегіміз бар. Тақырып аясы барынша кең. Келістіре жырлап, көркем шығарма тудыру әр ақынның өз шабытына, шама-шарқына байланысты. Ендеше маңдайы жарқыраған жұлдызды жүйріктерді жыр мәресінде күтеміз!» - делінген ұйымдастырушылардың хабарламасында.

Мүшәйра жүлдесі төмендегідей:

Бас жүлде – біреу;

Бірінші орын – біреу;

Екінші орын – екеу;

Үшінші орын – үшеу;

Ынталандыру сыйлығы – бесеу.

Мүшайраға еш жерде жарық көрмеген толғаулар, топтама өлеңдер 2017 жылдың маусым айының 10-нa дейін қабылданады.


Мүшайра қорытындысы Астана күні қарсаңында жарияланып, марапаттау рәсімі өтеді.


Үміткерлер шығармасын компьютерде теріп, 5 данасын төмендегі мекен-жайға жіберуі керек немесе astanakalamger@mail.ru электрондық поштаға жолдауға болады. Автордың аты-жөні, мекен-жайы, байланыс телефоны, электрондық поштасы (бар болса) міндетті түрде көрсетілуі тиіс.


Индекс: 010000, Астана қаласы, М.Әуезов көшесі, 20 «а» үй, Сәкен Сейфуллин мұражайы. Тел. 8 (7172) 32-84-67, 53-34-03.


Жүлдегерлердің Астанаға келіп-кетудегі барлық шығынын ұйымдастырушы тарап мойнына алмайды.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар