Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Астанада Ханбибі Есенқарақызының шығармашылық кеші...

15.10.2016 3109

Астанада Ханбибі Есенқарақызының шығармашылық кеші өтті

Астанада Ханбибі Есенқарақызының шығармашылық кеші өтті - adebiportal.kz



Астанада Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында ақын, еліміздің еңбек сіңірген қызметкері, Алаш сыйлығының иегері Ханбибі Есенқарақызының шығармашылық кеші өтті.


«Жүздесейік» деп аталған бұл кеш облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілді.


Ханбибі Есенқарақызының қазақ поэзиясында алатын орны ерекше. Ақынның лирикалық, қоғамдық сарындағы өлеңдері кез келген жастағы адамды еліктіріп жіберетіні рас. Еліміздің тәуелсіздігі жайында, жетістіктері мен болашағын, қоғамдағы мәселелелерді толғайтын поэзиясын ақынның өзі терең сезімменен оқыды.  

IMG_7029.JPG


IMG_6997.JPG


Өзінің шығармашылық, әдебиет жолында Ханбибі Есенқарақызы тек поэзиямен ғана шектеліп қоймай, зерттеуші ғалым ретінде де қалың жұртшылыққа белгілі.

 

Оның 1921-1926 жылдары шығарылған «Ақ жол»  газетіне арнаған кітабының 25 томдығын аяқтағаны белгілі болды. «Ақ жол» кітабының 10 томдығын арнайы Астанадағы осы шараға алып келгенін де Х. Есенқарақызы айтып өтті.   

 

IMG_6998.JPG


Ақынның жалпы бүгінгі күнге дейін 17 кітабы жарық көрді. Барлық ісі мен еңбектерін ақын Шымкент қаласында атқарып отыр.


IMG_7004.JPG

«Астана қаласында зиялы қауым көп қой. Мен есеп беріп, шығармашылық кешімді ұйымдастырып,  зиялылардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берейін деген мақсатпен осында келіп отырмын», - деп айтып өтті Х. Есенқарақызы тілшілерге берген сұхбатында. Кешті елімізге белгілі сатирик Көпен Әмірбек жүргізді.

IMG_7027.JPG


Ақын адам бойындағы ерекше күшке толы махаббат жайында «Махаббат туралы» жырды да ұсынды:

«...Ғашық болдық біреуге жалын отсыз,

Кінәләдік біреу деп әділетсіз

Сүйе білу үрдісі еркін дана

Махаббатқа қорқақтар қабілетсіз».


Кеш барысында ақынның өлеңдеріне жазылған әндер де орындалды. Танымал «Алтынай», «Нурикамал» әндерінің жазылу тарихын ақынның өзі баяндап берді:  

«Алтынай – қырғыздың қызы. Өмірде бар адам. Сонау 1991 жылы Ош қаласында Құрманжан Датқа деген ханшайымның 190 жылдығы аталып өтті. Біз мектеп қабырғасында жүргенде, Елизавета, Екатерина деген патшайымдардың болғанын оқығанбыз. Бірақ, қырғыз-қазақтан шыққан патшайым-әйелдердің шыққанын тарихтан білмейміз. Қырғызстанның Алай хандығын билеген Құрманжан Датқа деген патшайым болған екен. Сол кісінің мерейтойына Қазақстаннан екі адам: шымкенттік Николай Тамировпен бірге мен де Қырғызстанға шақырылдық. Осы арада келген қонактарды күтетін адамдарды белгілеп, маған Алтынай деген келіншекті бекітіп қойған екен. Ол ірі қырғыз зауытының басқарушысы болып қызмет етті. Қырғыз бен қазақ бөлінбейді ғой. Мені еліме шығарып салған уақытында, шынымен, қимай қоштасты. Бірақ, қазір араласып тұрамыз. Сонда мен Қазақстанға келгеннен кейін бұл құрбымды сағынып, оған арнап «Алтынай» атты әнді шығардым».

«Нұрикамал» әнінің тарихын да атап өткен Ханбибі Есенқарақызы кешке осы әннің бас кейіпкері Нұрикамалдың өзі келгенін қонақтарға айтып, оны таныстырды.

IMG_7081.JPG

Кештің арнайы қонағы Нурикамал ханым да сөз сөйледі



Қызықты да сырға толы кеште, сондай-ақ, «Қайтейін», «Дос іздедім», «Махаббат-өмір» сияқты жаңа әндер де шырқалып,  ақынның «Президент туралы» эссесі оқылды.

Кеш соңында сенатор Қуаныш Айтаханов, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, ҚР Ұлттық Музей басшысы Дархан Мыңбай ортаға шығып, Ханбибі Есенқарақызына алғысын білдіріп, ақынның алдағы ісіне ақ жолдарын тіледі.  


IMG_7073.JPG


IMG_7041.JPG


IMG_7024.JPG


IMG_7018.JPG


IMG_7056.JPG


IMG_7009.JPG

 


Ақбота Күзекбай



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар