Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Астанада Отарбаевтың аудио кітабының тұсаукесері ө...

20.03.2018 3581

Астанада Отарбаевтың аудио кітабының тұсаукесері өтеді

Астанада Отарбаевтың аудио кітабының тұсаукесері өтеді - adebiportal.kz

Әуелі жазушының туған жері Атырауда өтетін қырқы 24 наурыз күні беріледі. Ал сол күні сағат 15.00 Атырау-ақпарат баспасөз орталығында аудио кітабының таныстырылымы болады.

Қазақтың маңдайына біткен дара қаламгердің Қуат Ахметжановтың оқуында жарық көрген әңгімелер жинағы наурыздың 30-ы күні, сағат 16:00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханада таныстырылады.

Ал осы күні күндізгі сағат 12:00-де Астанадағы «Тұран» мейрамханасында Рахымжан Отарбаевтың қырқылық науқаны болады.

Рахымжан Отарбаев 1956 жылы 19 қазанда Атырау облысы Құрманғазы ауданында дүниеге келген. 1977 жылы Орал педагогика институтын бітірген. Әр жылдарда «Орал өңірі» газетінде тілші, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қазақ телерадио комитетіне редактор, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жалын» альманахында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Қырғызстанда Қазақстан елшілігінің атташесі, Маңғыстау облыстық радио-телевидение компаниясының төрағасы, Атырау облыстық драма театрының директоры, ҚР Президенті Әкімшілігінде сектор меңгерушісі және т.б лауазымды қызметтерінде болды.

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхананың Бас директоры болды. Өмірінің соңғы сәтіне дейін Атырау облыстық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі міндетін атқарды.

Марқұм Рахымжан Отарбаев 2018 жылы 17 ақпанда қайтыс болды.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар