Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Астанада Ұлттық академиялық кітапхананың саябағы а...

16.09.2016 3165

Астанада Ұлттық академиялық кітапхананың саябағы ашылды

Астанада Ұлттық академиялық кітапхананың саябағы ашылды - adebiportal.kz



Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханада «Еуразия Кітапханалары Ассамблеясы» коммерциялық емес серіктестігінің ХІХ жалпы жиналысы болып өтті.


Шара басында халықаралық конгрестің қатысушылары отырғызған Кітапхана саябағы да ашылды. 25 түп ағаш отырғызған қонақтар бұл игі істі Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап отыр.


IMG_7059.JPG


IMG_7071.JPG


IMG_7073.JPG


Дөңгелек үстелді Академиялық Ұлттық Кітапхана директоры Үмітхан Мұңалбаева, Еуразия Кітапханалары Ассамблеясының бас директоры Галина Райкова және Ресей Ұлттық кітапханасының басшысы Александр Вислый басқарды.


IMG_7087.JPG


Үмітхан Мұңалбаеваның айтуынша, кітапханалардың даму деңгейін жоғарылатуда осы ұйымға жүктелетін жұмыстар көп, сондықтан, ТМД елдерінің ұлттық кітапханалары бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болуы керек.


Өз кезегінде, Галина Райкова ТМД елдерінің кітапханалар қауымдастығының басты мақсатын атап өтті. Ол – елдер арасындағы ақпараттық-кітапханалық және әлеуметтік-мәдени кеңістікті құру.


IMG_7088.JPG


Естеріңізге сала кетейік, кеше 15 қыркүйекте «Әлем. ХХІ ғасыр. Оқу арқылы рухани үндестік пен мәдениетке» атты Кітапханашылар Конгресі ашылған еді. Осы шараның аясында бүгін конгрестің жұмысы қорытындыланып, Еуразия Кітапханалары Ассамблеясы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қояды.


Ақбота Күзекбай


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар