Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Атыңнан айналайын, қазақ қызы» жыр мүшәйрасы...

29.08.2014 7022

«Атыңнан айналайын, қазақ қызы» жыр мүшәйрасы

                                                                            
қыз.jpg

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті 70 жылдық мерейтойына байланысты республикалық деңгейде жазба ақындар арасында жыр мүшәйрасын жариялайды.
Мүшәйра 2014 жылдың 13 қыркүйегінде Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде өтеді.

Мүшәйраның мақсаты:

-«Қазақстан – 2050» Стратегиясында көрсетілген жаңа қазақстандық патриотизмді арттыру;
- Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің имиджін қалыптастыру;
- Қазақ қызы – ынтымақ пен бірліктің, ырыс пен берекенің негізі екендігін насихаттау;
- Сұлулыққа іңкәрлікті насихаттау арқылы гуманистік көзқарасты дамыту, адами капиталды арттыру;
- Қазақ қызына деген құрметті, жауапкершілікті көтеру;
- Ұлттық мәдениет пен рухани құндылық мәртебесін арттыру;
-Ұлт анасына, ұрпақ тәрбиешілеріне, ана-ұстаздарға, қыз-келіншектерге деген ілтипатты кеңінен насихаттау.

Мүшәйраның шарты:

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 70 жылдық мерейтойына байланысты республикалық деңгейде өткізілетін жазба ақындар арасындағы «Атыңнан айналайын, Қазақ қызы!» атты жыр мүшәйрасының шартына сәйкес, бәйгеге 18 жастан асқан барлық жастағы ақындар қатыса алады. Кез келген ақынның бас-аяғы екі өлең ұсынуға құқы бар. Оның біреуі міндетті түрде Қыздар университетінің 70 жылдығына арналуы керек. Ал екінші өлең еркін тақырыпта, бірақ Қазақ қызының жиынтықталған бейнесіне арналып жазылуы қажет.

Мүшәйраға қатысушы ақындар ұйымдастырушыларға екі конверт салынған бір конверт ұсынады. Ол екі конверттің біреуіне ақынның тек өлеңдері салынып, өлеңдер бүркеншік есіммен беріледі. Екінші конвертке бүркеншік есіммен шығармасын ұсынған сол ақынның толықтай нақты аты-жөні, қысқаша өмірбаяны, шығармаларының дискідегі электронды нұсқасы қоса берілуі тиіс. Осындай ақпараттары бар екі конверт бір конвертке салынып, ол Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне жолданады. Өлеңдер 2014 жылдың 10 қыркүйегіне дейін қабылданады.
«Атыңнан айналайын, Қазақ қызы!» атты жыр мүшәйрасын арнайы қазылар алқасы бақылап, шығармаларды сараптайды.
Мүшәйраға қатысушылардың үздік деп танылған өлеңдері ұйымдастырушылардың қолдауымен арнайы жинақ болып басып шығарылады.

               Мүшәйраның жүлде қоры:

               Бас жүлде – 500 000 теңге;
               1-орын – 200 000 теңге;
               2-орын – 100 000 теңге (2 жүлде);
               3-орын – 50 000 теңге (3 жүлде);
               Ынталандыру жүлдесі – 30 000 (3 жүлде)

Мекен-жайы: 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 99 үй, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, «Қыздар университеті» медиа орталығы, 2793805. +77776927392. 

adebiportal.kz

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар