Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Ауылым – алтын тұғырым» әдеби-онлайн конкурсы...

30.01.2020 4336

«Ауылым – алтын тұғырым» әдеби-онлайн конкурсы 12+

«Ауылым – алтын тұғырым» әдеби-онлайн конкурсы - adebiportal.kz

«АУЫЛ» партиясы және «Мәдениет порталының» ұйымдастыруымен өтетін «Ауылым – алтын тұғырым» әдеби-онлайн конкурсының шығармаларды қабылдау мерзімі қазылар алқасының шешімімен 2020 жылдың 15 наурызына дейін ұзартылды.


Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай биылғы конкурста «Алтын тұғыр» әдеби жүлдесінің иегеріне қосымша 200 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық тағайындалды.

Номинациялар бойынша жүлде қоры:

«АУЫЛ тақырыбына арналған үздік проза» (эссе, әңгіме, повесть):

1-орын 500 000 теңге;
2-орын 300 000 теңге;
3-орын 200 000 теңге;

«АУЫЛ тақырыбына арналған үздік поэзия» (өлең, баллада, поэма):

1-орын 500 000 теңге;
2-орын 300 000 теңге;
3-орын 200 000 теңге;

«АУЫЛ тақырыбына арналған үздік драматургия»:

1-орын 500 000 теңге;
2-орын 300 000 теңге;
3-орын 200 000 теңге;

Бас жүлде «АЛТЫН ТҰҒЫР» әдеби жүлдесі:

Үш номинациядағы 1-орын жеңімпаздарының арасынан таңдалып алынады.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «АЛТЫН ТҰҒЫР» әдеби жүлдесінің иегеріне қосымша 200 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық беріледі.

Арнайы жүлделер:

10 үздік қаламгерге 100 000 теңгеден арнайы жүлделер тағайындалады.


Үміткерлер конкурсқа ұсынатын шығармаларын auyl.kz сайтындағы «Ауылым –алтын тұғырым» сілтемесі арқылы немесе тікелей madeniportal.kz порталында онлайн түрде жариялай алады. Техникалық ақаулар болған жағдайда +7 707 744 13 43 нөміріне хабарласуға (WhatsApp-қа жауап жазылмайды) немесе Seri_sardar@list.ru поштасына хат жолдауға болады. Толық ақпарат madeniportal.kz және auyl.kz сайттарында


Ауыл тақырыбын толғайтын шығармаларыңызбен әдеби байқауда бақтарыңызды сынаңыздар !!!


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар