Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Австрия драматургтері Астанада...

11.05.2018 3604

Австрия драматургтері Астанада

Австрия драматургтері Астанада - adebiportal.kz

Драматургия – қазақ сахарасында өткен ғасырда қалыптасып, қанатын кеңге жайған әдебиет жанрының бір түрі. Қазіргі таңда алдыңғы буын ағалар мен жас драматургтердің аяқ алысы көз қуантады. Олардың қойылымдарына халық ерекше ықылас қойып, театрға жиі барып тұратынына куәміз.

Сонымен қатар, соңғы кездері шет елдің кәсіби драматургтері елімізге шақырылып, тәжірибе алмасу дәстүрі дамып келеді. Қазақ ұлттық өнер университетінде өткен игі шара – соның жарқын айғағы.

Бүгін аталған оқу орнында Австриядан келген режиссер Lucas Gejpek пен жазушы, көркем шеберлік институтының оқытушысы Margarete Kreidl қатысуымен «Театр, кино және ТД» факультеті «Өнертану» кафедрасының «Кинотеледраматургия» (Роза Мұқанова шеберханасы) мамандығының студенттеріне шеберлік сыныбы өтті.

Сондай-ақ, шараға Тілектес Мейрамов, Ерсайын Тәпенов, Данияр Садығұлов, Серікжан Балтаевтың шәкірттері де қатысты.

Шеберлік сыныбы алдағы күндері көрермендерге жол тартатын «Скрипкашы» пьесасына арналған. Аталған пьесаның негізгі желісі Ұлы Отан соғысы жылдарында тұтқында болған қазақ скрипкашысы Айткен Толғанбаевтың жанкешті өмірі турасында. Біріншіден, Вена қаласында өрбіген Айткеш пен Марияның махаббаты баяндалса, екіншіден, сұм соғыс кезіндегі ащы кезеңдер де арагідік бой көрсетіп қалады. Сценарий авторлары: Мұхтар Өміртай, Арна Ризабек, Әйгерім Омартаева.

Австриялық шеберлер жас әртістердің сахнадағы өнерін тамашалап болғаннан кейін өзінің сын-пікірлерін білдірді. Кәсіби мамандарның айтуынша әртіс – сахнада өзін еркін сезініп, барынша шынайы ойнауы керек. Сахнаға қойылған әр заттың көрермендерге әсер ететіні аян. Осы және басқа да өзекті мәселер туралы әңгіме өрбіткен қонақтар талай жылғы тәжірибелерімен бөлісіп, өз еліндегі драматургия жанрының қалыптасуы туралы айтып берді.

Біржан Ахмер

(Фото автордікі)


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар