Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Азаттықтың ақ таңы» атты халықаралық мүшәйра жари...

17.05.2016 6110

«Азаттықтың ақ таңы» атты халықаралық мүшәйра жарияланды

«Азаттықтың ақ таңы» атты халықаралық мүшәйра жарияланды - adebiportal.kz


13247930_2022051154686222_219780440284375242_o.jpg


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттар партиясының қолдауымен шетелдегі ақындардың қатысуымен «Азаттықтың ақ таңы» атты халықаралық жыр мүшәйрасы өтеді.


Мүшәйраның мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі келбетін, рухани ұлттық мұрамыз бен елдік-ерлік құндылықтарымызды ұлықтау.


Мүшәйраның шарты: Мүшәйраға 30 жасқа дейінгі ақындар қатыса алады. Мүшәйраға бұрын еш жерде жарияланбаған тәуелсіздік, елдік, ерлік жайындағы еркін тақырыпта жазылған 2 өлең қабылданады.


Үздік үш ақынға ақшалай жүлде беріледі.


Мүшәйраға ұсынылатын шығармалар 2016 жылдың 25 мамырына дейін мына мекен-жайда қабылданады. Тел.: 87786421361 e-mail: domalaykyzy@mail.ru


Мүшәйра жеңімпаздары 2016 жылдың 1 маусым күні, сағат 11:00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өтетін әлемнің әр түкпірінде жүрген қазақ ақындарының ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Азаттығым – ғажап күнім» атты ақындар антологиясының тұсаукесеріне арналған әдеби кешке шақырылып, марапатталады.


Мүшәйра жеңімпаздарының келіп-кету шығыны жіберуші жақтан, ал тамақтану, жатын орны шығындары ұйымдастыру комитеті тарапынан.


adebiportal.kz



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар