Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Азаттық аясында» атты республикалық жыр бәйгесі ж...

21.05.2016 2285

«Азаттық аясында» атты республикалық жыр бәйгесі жарияланды

«Азаттық аясында» атты республикалық жыр бәйгесі жарияланды - adebiportal.kz


IE3i4WYNRSU.jpg

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Сәкен Сейфуллин мұражайы осымен алтыншы рет өткізіп отырған дәстүрлі мүшәйра еліміздің арқалы ақындарын тағы да аламан жыр бәйгесінде өз бақтарын сынауға тағы да шақырады. Бұл жолғы мүшәйраның алтын қазығы, жыр арқауы – Тәуелсіздік! Бодандықтың бұғауынан мойны босағанына 25 жыл толған қазақ халқының бұдан асқақ, бұдан киелі, бұдан қасиетті мерекесі бар ма?!


Арайлы Азаттық аясында еркін тыныстап, өз алдымызға шаңырақ көтеріп, Ту тігіп, елдігімізді әлемге әйгілеп отырғанымызға ширек ғасыр толды! Тәуба! «Өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілді!» деген, міне осы. Арыға бармай-ақ, «Ақ табан шұбырынды, алқакөл сұламадан» бергі тарихқа көз жіберсек, азаттық жолында алпауытпен белдескен, ақ тобықтан қан кешкен қазақ халқының көрмеген азабы, тартпаған тауқыметі жоқ. Бостандық үшін күресте қаншама ерлеріміздің қанжығада басы кетті, қаншама арыстан арыстарымыз шейіт болды. Қазақ үшін бұл Тәуелсіздіктің құны шексіз. Сондықтан аталарымыздың төгілген қанымен, аналарымыздың сорғалаған көз жасымен келген азаттықты жырлау, оның қадір-қасиетін жас ұрпақтың санасына құйып, зердесіне орнықтыру ақберен ақындарымыздың азаматтық борышы екені анық! Азаттық аясында қазақ елі қанатын кеңге жайған 25 жыл ішінде қаншама жетістіктерге жетті. Астана салынды, ел іргесі бекіді. Тар жол, тайғақ кешулі қиын кезеңдерден өттік. Тағы да дағдарыспен бетпе-бет келіп отырмыз. Ел болып жұмылып, ел ырысын молайтып бұл қиын-қыстау асудан да асармыз. Түйіндеп айтқанда, Мүшәйраның басты мақсаты – еркін Елдің бүгінгі ажары мен ертеңгі жарқын келешегін, кешегі алапат күресін тебірене жырға қосу, қазақ жырының қоржынына қомақты олжа салу. Ақындарымыз «Мәңгілік ел» болуға талпынған Ұлы даланың тарихи тұлғаларын ел басынан өткен ұлы оқиғалармен ұштастыра отырып, ірі шығармалар тудырса деген тілегіміз бар. Тақырып аясы барынша кең. Келістіре жырлап, көркем шығарма тудыру әр ақынның өз шабытына, шама-шарқына байланысты. Ендеше маңдайы жарқыраған жұлдызды жүйріктерді жыр мәресінде күтеміз!


Бірінші орын – біреу – 1млн. 500 мың тенге.

Екінші орын - екеу - 1 млн. тенгеден.

Үшінші орын – екеу - 500 мың тенгеден.

Ынталандыру сыйлығы – үшеу – 150 мың тенгеден.



Мүшайраға еш жерде жарық көрмеген поэмалар, толғаулар, топтама өлеңдер 2016 жылдың маусым айының 10 – нa дейін қабылданады.


Мүшайра қорытындысы Астана күні қарсаңында жарияланып, марапаттау рәсімі өтеді.


Үміткерлер шығармасын компьютерде теріп, 5 данасын төмендегі мекен – жайға жіберу керек немесе astanakalamger@mail.ru электрондық почтаға жолдауға болады. Автордың аты-жөні, мекен-жайы, байланыс телефоны, электрондық поштасы(бар болса) міндетті түрде көрсетілуі керек.


Индекс: 010000, Астана қаласы, М.Әуезов көшесі 20 «а» үй, Сәкен Сейфуллин мұражайы. Тел. 8(7172)32-84-67, 53-34-03.

Жүлдегерлердің Астанаға келіп-кетудегі барлық шығынын ұйымдастырушы тарап мойнына алмайды.





Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар