Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Азия қаламгерлері елорда төрінде бас қосады...

03.09.2019 3939

Азия қаламгерлері елорда төрінде бас қосады 12+

Азия қаламгерлері елорда төрінде бас қосады - adebiportal.kz

Елордада 4-6 қыркүйек күндері өтетін «Азия елдері қаламгерлерінің І форумына» қатысты баспасөз конференциясы өтті.

Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған форум Азия континентінде орналасқан елдер арасындағы әдеби-мәдени байланыстарды нығайту, әдеби үдерістің дамуына қатысты Азия елдерімен тәжірибе алмасу сынды мақсаттарды көздейді.

«Әуелде бұл форумға жапониялық, түркиялық Нобель сыйлығының лауреаттары шақырылған. Өкінішке орай, олар келе алмады. Есесіне Оңтүстік Корея, Катар және Түркия елдерінен 3 Нобель сыйлығына үміткер қаламгер келе жатыр. Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин мырза шараны ұйымдастыруға тікелей атсалысса, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев форумның ашылуына қатыспақшы. Осының өзі әдебиетке деген оң көзқарас қалыптасқанын көрсетеді», – деді Ұлықбек Есдәулет.

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов аталмыш форумды 3 жылда бір рет өткізу ұсынылатынын айтады. Сондай-ақ, 3 күнге созылатын форум барысында пайдалы дәрістер мен ашық пікірталастар ұйымдастырылып, елордадан «Қаламгерлер аллеясы» ашылады деп жоспарлануда.

«Азия қаламгерлеріне осы форумды 3 жыл сайын әртүрлі мемлекетте өткізуді ұсынбақпыз. Сонымен қатар, Азия жазушылары комитетін құрып, штаб пәтерін Нұр-Сұлтан қаласында ашуды жоспарлап отырмыз. Аударма ісіне, соның ішінде қазақ авторларын Азия тілдеріне аудару бойынша да нақты ұсыныстарымыз бар. Форум барысында осы тақырыптарда пікір алмасып, келіссөздер жүргіземіз», – деді министрлік өкілі.

Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезектің айтуынша, екі күнге созылатын шара барысында пайдалы дәрістер мен ашық пікірталастар ұйымдастыру көзделген.

«Форум жұмысы 3 күнге созылады. Ертең пленарлық отырысы өтеді. Екі бөлімде 11 спикер баяндама оқиды. Келесі күні TED.9 форматында арнайы шара өтеді. Онда 10 спикер дәріс оқып, еркін форматта сұхбаттасады. Сондай-ақ, Абай көшесінің бойында «Қаламгерлер аллеясы» ашылады. Шара аясында Орталық Азия қаламгерлерінің кездесуі өтеді. Онда Ұлы Жібек жолы бойындағы әдебиеттің болашағы туралы айтылды. Форум шеңберінде жас Азия қаламгерлерінің кездесуі де жоспарланған», - дейді ол.

ҚР Президенті әкімшілігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауыман өтетін шара 4-6 қыркүйек күндеріне жоспарланған. Форумға Нобель сыйлығының номинанттары, Букер және ASEAN сыйлықтарының лауреаттары, жазушылар одақтары мен қауымдастықтарының төрағаларынан құралған 90 қонақ келеді деп күтілуде.

Біржан Ахмер

Суретті түсірген: Арман Мұхатов


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар