Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ӨНЕР
«Балалық шаққа саяхат»...

22.02.2021 5062

«Балалық шаққа саяхат» 12+

«Балалық шаққа саяхат» - adebiportal.kz

Талантты суретші ҚР мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, «Парасат» және III дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Түлектер қауымдастығының президенті, Құрметті профессоры Төлеубек Төлеуұлы Мұқашевтың туған өлке, ұлттық тарих пен мәдениет тақырыптарына арналған шығармаларын өнерсүйер қауымға кеңінен насихаттап, таныту мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Балалық шаққа саяхат» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Төлеубек Мұқашев 1975 жылы Қазақстандағы бейнелеу өнері саласындағы ең беделді жоғары оқу орны Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген.

Еңбек жолының алғашқы жылдарында Алматы қалалық өндірістік көркем-безендіру комбинатын (1987-1994ж.ж.) басқарды. 1994-2002 жылдары Алматы қаласы «Алматықалабезендіру» АҚ Президенті болып қызмет атқарды. Қазіргі уақытта Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Түлектер қауымдастығының президенті, университеттің Құрметті профессоры.

Суретшінің туындыларының негізгі тақырыбы – табиғат ғажайыптары, оның ішінде туған өлкесі Жетісу өңірінің сұлу көрінісі. Мұны «Балалық шаққа саяхат» көрмесіне ұсынылған картиналарынан көруге болады. Дәстүрлі кескіндеме мектебінің өкілі ретінде ол реалистік бағытты ұстанады. Оның шығармаларында табиғат пен түстердің өзара үндесуі анық байқалады.

Өнер иесіне «Қазақстанның еңбек сiңiрген қызметкерi», «Алматы қаласының құрметтi азаматы» атақтары берiлген. Сонымен бiрге «Парасат» орденiмен (2005), «Астана», «Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентiне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Тәуелсiздiгiне 20 жыл», (2020), «Нұр Отан» ХДП «Белсендi қызметi үшiн» медальдарымен, III дәрежелі «Барыс» орденімен (2020) марапатталған.

Экспозицияға суретші Т. Мұқашевтың 50-ге жуық кескіндемелік, графикалық туындылары ұсынылған.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар