Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Барлық қойылымдар бірінші орынға лайықты ...

02.12.2016 2610

Барлық қойылымдар бірінші орынға лайықты

Барлық қойылымдар бірінші орынға лайықты  - adebiportal.kz

11745471_894748630591668_1582181905464845490_n.jpg

«Рахымжан Отарбаев халықаралық театр фестивалінің» аясында біздің елімізге көптеген мемлекеттерден қонақтар келді. Солардың бірі ресейлік фольклортанушы, филология ғылымдарының кандидаты Марианна Дударева. Бізге Марианнамен сөйлесіп, өткен іс-шара туралы пікірін білген едік.


- Қайырлы күн, Марианна, ең алдымен, Қазақстанға қош келдіңіз дегім келеді! Бұл сіздің мұнда нешінші рет келуіңіз, қандай үмітпен келдіңіз?

- Рахымжан Отарбаев фестиваліне, жолдасым Валерий Дударев екеуіміз Мәскеу жағынан – «Юность» журналы және Ресей халықтар достығы университетінің атынан келіп отырмыз. Бұрынырақта «Юность» журналының күндері өткен болатын, сол себепті журнал редакциясы бұл жерді жақсы көреді. Мен осы дархан далаға қонаққа бірінші рет келдім және бұл мен үшін өте әсерлі болды. Фестиваль жұмыстарымен қолымыз тимеуіне байланысты, біз көп нәрсені тамашалап үлгермедік.


- Біз сізді фольклортанушы ғалым ретінде танимыз. Сіз «Рахымжан Отарбаев халықаралық театр фестивалінің» құрметті қонақтарының бірісіз. Осы іс-шара туралы пікіріңіз қандай?

- Бұл жоба тақырыбы жағынан да, құрылымы жағынан да өте қызықты. Біріншіден, Рахымжан – көп қырлы автор, біз тарихи тақырыптағы да, заманауи тақырыптағы да қойылымдарды көрдік. Екіншіден, бұл жерде айтарлықтай айқын көрсетілген пікір де, автордың пікірі де қыстырмаланбайды, көрермен туындымен оңаша қалады. Дегенмен, шараның соңында кішігірім талқылау болды және сыншылар барлық қойылымдар бірінші орынға лайықты деген пікірге келді.


- Фестиваль барысында көрген қойылымдар туралы не айтасыз?

- Менің ойымша, ерекше жарқын болғаны, тарихи тақырыптағы ең соңғы қойылған аяқталмаған туынды. Ол өзін ХХ ғасыр драматургиясының керемет дәстүрлерге, мүмкін, Л.Андреев шығармаларына жақындататын белгілерге толы және мұнда қандай да бір ойдың жұмбақтай жеткізілуі (жақсы мағынада) бар. Оған қоса бұл маған Р.Отарбаевтың «Юность» журналында (екі нөмірінде) жарияланған «Шыңғысханның көз жасы» атты кең ауқымды хикаятын есіме түсірді.


- «Шыңғысханның көз жасы» туындысы туралы өз ойыңызды айтып берсеңіз. Оның әдебиеттегі орны қандай?

- Бұл тарихи және метатарихи, оған қоса ұлтаралық туынды. Дәл осы шығармада автордың прозашы және лирик ретіндегі қыры ашылады: қаһарманның ойларымен немесе негізгі әрекеттерімен бірге берілген әсем көрініс суреттемелері оқырманды философиялық, онтологиялық кеңістікке еріксіз алып кетердей. Дала бейнесі жанды, кең тынысты (бұл аңшылық сахнасында ерекше көрнекті). Шыңғысхан тек тұрмыстық білімі бар адам ғана емес, оған қоса жазықты ғалам және таулы әлем сұрапылдығына араластырылған адам ретінде көрсетілген. Дәл осы жайт хикаятты әлемдік мәдениет дәстүрлерінде тамырландырады. Сонымен қатар орыс аксиологиясы үшін, кейіпкер өз-өзімен және сұрапылдықпен бетпе-бет келетін дала ғарышының (чех «даласы», гоголь даласы) маңызы зор. Отарбаев аспанды, бұлттарды суреттей отырып, өз кейіпкеріне құпия белгілер жібереді: «Алау-далау болған ақша бұлт аударылып-төңкерілген. Бетінде жазу тұрды. «Әлем әміршісі – Шыңғысхан». Осы көріністің өзі адамды арбап, қалтыратады емес пе? Ия! Біздің алдымызда көне, архаикалық білімі бар адам. Дәл осындай кейіпкер жетпейді, оқырманға дәл осындай кейіпкер қажет, тек қана тарихты есте сақтау емес, ата-бабаларының күші мен данагөйлігін білу және құрметтеу үшін қажет. Қазақстанның кең даласы ерекше, қайғы-қасіретке де толған, бізге табиғи тұрғыда жақын мемлекет.


- Сұхбатыңызға рахмет! Сізге шығармашылық табыс тілейміз!


adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар