Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Бейжіңде «Абай оқулары» өтті...

26.10.2016 2317

Бейжіңде «Абай оқулары» өтті

Бейжіңде «Абай оқулары» өтті - adebiportal.kz


бейж3.jpg


Бейжіңнің «Чаоян» орталық саябағындағы «Цзиньтай» музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Абай оқулары» өтті.


Мәдени шара танымал қытайлық мүсінші Юань Сикун жасаған Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Айта кетерлігі, бұл ескерткіш 2014 жылдың 19 мамырында Қытайдағы Қазақстан елшілігінің бастамасымен бой көтерген болатын.


«Абай оқуларын» Қытайдағы Тәжікстан елшісі Парвиз Давлатзода, Армения елшісі Сергей Манасарян, ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Сабыр Имандосов, «Цзиньтай» музейінің директоры Жо Хуа, дипломаттар, Қазақстан мен Қытай студенттері және қазақ диаспорасының өкілдері тыңдады.



фмжддьлицц.jpg



Салтанатты шараның ашылу рәсімінде Қытайдағы Қазақстан елшісі Шахрат Нұрышев Абай Құнанбайұлының шығармашылығына тоқталып, оның қазақ философиясы мен әдеби тілінің қалыптасуына қосқан үлесін сөз етті.


«Соңғы жылдары Бейжіңдегі Абай ескерткіші алдында «Абай оқуларын» өткізу тамаша дәстүрге айналып отыр. Абай қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы әрі ойшылығы ғана емес, сонымен бірге ол Қазақстанның шетелдегі халықтық дипломатиялық нышаны десек те болады. Сондықтан да бүгінгі шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің және Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығына арналды», - деді елші.


Шара барысында Қытайдағы Армения елшісі Сергей Манасарян да «Абай оқуларынан» алған әсерін бөлісті.


«Бүгінгі шарадан зор әсер алдым. Біз сахнадан Абайдың шығармашылығы мен өз халқының тарихына жетік қазақстандық студенттерді көрдік. Бұл таңқаларлық жайт», - деді ол. 



Дереккөзі: Massaget.kz



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар