Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Бес мың данамен жарық көрген бірегей жинақ

19.07.2018 1094

Бес мың данамен жарық көрген бірегей жинақ

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі Абай өлеңдерінің балаларға арналған «Ата-анаға көз қуаныш» атты жинағын шығарды. Мақсат – жеткіншектеріміздің танымына ақын өнегесін сіңіру. Сол себепті кітапты құрастырушылар данышпан ақын шығармаларын іріктей отырып, балалардың алғашқы мүшел жасында қабылдауына лайықты өлең шумақтарын топтастырған.

Абай өлеңдерінің қысқартылған нұсқалары бастауыш мектеп жасындағы жеткіншектерімізді абайтануға ерте бастан баулудың оңтайлы жолы. Ұлы ойшылымыздың өлмейтін өлеңдеріне кішкене кезінен үйір баланың келешекте парасатты жол таңдайтынына, жақсы мен жаманды ерте парықтайтынына еш күмән жоқ. Бүлдіршіндеріміз қоғамның кәдесіне жарайтын, өз саласының бәсекесіне қабылетті маман болып қалыптасып жатса – бұл ортақ табысымыз.

«Абай мұрасы – көзіміздің қарашығындай қасиетті қазына. Оны жас ұрпаққа насихаттау барысында тынбай еңбек етуіміз керек деп ойлаймын. Еліміздің әр аймағына барып, халықпен жүздескенде, Абай өлеңдерінің балаларға лайықталған жыр жинағы шықса екен деген тілекті жиі естиміз. Міне, осыған байланысты Абай музейінің қызметкерлері ақын өлеңдерін жинастырып, бүлдіршіндерге арналған «Ата-анаға көз қуаныш» кітабын шығарды. Аталған жинақ – ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр. Бес мың данамен жарық көрген бұл кітап еліміздің түкпір-түкпіріне таралмақ. Жинаққа хәкімнің өлеңдері, қара сөздері, қанатты сөздері, жас ақын Б.Ахмердің арнауы және музей қорында сақталған суреттер енді», – дейді жоба авторы, танымал жазушы, журналист, Абай музейінің директоры Б.Жүнісбекұлы.

Кемеңгер ақынның өнер мен білім, ғылым мен еңбек, ел мен жерге қатысты «Ата анаға көз қуаныш» өлеңдерінің жинағы болашақты тәрбиелеуге өз септігін тигізері кәміл.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Теги: Абай өлеңдері, жинақ, балаларға арналған
(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар