Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Бейімбет пен Сәбит

25.04.2017 7605

Бейімбет пен Сәбит

Бейімбет пен Сәбит - adebiportal.kz

Əр адамның өз өмірі, өз тағдыры бар. Тіршілік – талпыныс да, жол тауып ілгері жылжуы да, жетістігі де, шыққан биіктігі де, тіпті мінез-құлығы да, басқалармен араласып- құраласуы да, ойлау дəрежесі де əр адамда əр түрлі болатыны түсінікті. Соған қарамай біреулер сыйласып, достасып жүреді, енді біреулер араздасып, қастандық жасауға бейім тұрады. Б.Майлин туралы зерттеу жүргізіп мақалалар жазып, кітаптарымды шығарып жүргенімде осы жағдайға көңіл ауа берді. Достары да болды. Қастары да болды десем артық кеткендік бола ма, жоқ па, қалай болғанда да оған ауыр жала жауып, мерт еткізуге септігін тигізгендерді соған жақын болды демеске дəтің бармайды.

Ал Б.Майлин мен С.Мұқановтың арасы қандай еді дегенге келсек, асыра айту да келіспейді. Екеуі де бір-бірін жақсы білген деуімізге негіз бар. «Еңбекші қазақ», «Қазақ əдебиеті» газеттерінде, «Əдебиет майданы» журналында, Казиздатта бірге қызмет істеген. Б.Майлин өзі жұмыс жасаған баспасөзге Сəбеңнің мақалаларын тоқтатпай бастыртып отырған, кедергі келтірмеген. Екеуі де жазушылар ұйымын құрудың басы-қасында бірге жүрді. ҚазАПП болып алғаш құрылғанда да, жазушылар одағы болып қайта аталғанда да сол істің алдыңғы сапында көрінді. Тегі басқа жөнінде жаман сөз айту Бейімбеттің бойына бітпеген қасиеттен шығар, ол С.Мұданов туралы өмірі жамандап, мұқатып, кекетіп сөз айтпаған екен. Белсенді С.Мұқанов əркімді сынап, айтыс-тартыстың қызуына түсіп жүргенде де, оған көз алартып, қыржиып теріс қараған мінез көрсетпепті. Керісінше, сыйлап өткен. Үйінен өнерадамдары, ақын-жазушылар үзілмейтін Бейімбет оны да ертіп əкеледі екен. Қонақжайлығын жақсы білетін Сəбит те келіп жүреді. С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Ғ.Мүсірепов, С.Қожамқұлов, Е.Өмірзақов, тағы басқалардың бастары қосылып, əдебиет, əн, күй жайында шұрқырасып тұратын болған. Солардың ішінде С.Мұқанов та бар. Ол үшін жұбайы Гүлжамал қонақтарға дастарқанын кең жайып, асты мол қояды екен. Соны білетіндер Бейімбеттің үйінен шықпайды. «Ол кездегі қазақ жазушыларының ішінде Бейімбеттен дастарқаны мол да, қонағы көп те адам болған жоқ» деп жазды С.Мұқанов кейін. Оның келіп тұруы Бейімбеттің сыйлағандығын, жүзінің жылылығын білдіреді. «Сыйға сый, сыраға бал» дегендей ме екен, С.Мұқанов та Бейімбетті құрмет тұтып жүрген. Қанша сын мақалалар жазып, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Ғ.Тоғжанов, тағы басқаларды түйреңкіреп жүрсе де, Б.Майлинге қаламын қадай қоймай жүрді. Алайда оты- зыншы жылдардың басында Бейімбет сынға ілінгенде ол да үндемей қала алмады. Басында оңды пікір айтып, кейбір сыншыларға қарсы тұрды. Ол «Қазіргі сатымыз» атты 1935 жылы жазған мақаласында («Қазақ əдебиеті» газ., 1935, 27 мамыр) алдымен қазақ кеңес əдебиетінің ірі жазушысы деп бағалады.

1917 – 1918 жылдарыүлкен саяси қатежіберген дей келіп, қазақ əдебиетіне Мырқымбай атты кейіпкер бергенін құптайды. Мырқымбай «Қазақтың бар кедей атаулысының жақсы-жаман қылықтарын денесіне сыйғызған» бейне екен. С.Мұқанов қазақ əдебиетінде Мырқымбайдан артық халыққа көп танылған кейіпкер жоқ деп түйеді. Өтірік дей алмаймыз, күні бүгінге дейін Мырқымбай естен кетпей, ауызға ілініп жүреді. Бір кезде жазушы Мырқымбайды колхозға əлі кіргізе алмай жүр деген сын айтылған болатын. Оны Сəбең дұрыс деп есептемейді. Басқа да кейіпкерлеріне аз-маз тоқтала келіп, ойын төмендегідей түйіндейді:

«Бейімбеттің стиль өзгешелігі қысқа əңгімелер жазуында. Осы қысқа əңгімелер əрі қазіргі күннің тақырыбына жазылады. Əрі бірімен бірі мазмұн жағынан тығыз байланысты болады. Егер Бейімбеттің бір жылда жазған ұсақ əңгімелерін бір кітап қып бастырса, жеке əңгімелер үлкен романның бөлімшелері сияқты болып барлық əңгімелер түр жағынан да, сюжет жағынан да байланысып тұрар еді. Тіл жағына келгенде, Бейімбетті шала сауатты колхозшылар да жақсы түсінеді. Бейімбеттің тілі - көпшіліктің тілі». Бір-жар жыл өткеннен кейін С.Мұқановтың пікірінде өзгеріс туды. Оған əдебиет айналасындағы айтыс-тартыс, жаппай қателік іздеу, сыпыра сынау қайта ушығып, ақыры халық жаулары бар деп жалаулатқан үрдіс оған да əсер еткен болуы керек. Жарияланған мақалаларда С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіровке шүйлігу етек алды. Сол дүрмекке қосылып кеткен С.Мұқанов та «Тарихи қаулыдан кейін» деген мақала жазып, «Қазақ əдебиеті» газетінің 1937 жылғы 26 сəуір күнгі санында жариялатты. Мақалада БК (б) П Орталық комитетінің əдебиет ұйымдарын қайта құру туралы қаулысының шыққанына бес жыл толғанын, одан бері біраз жетістіктерге қол жеткенін айта келіп, жазылған шығармалар төңкеріске дейінгі мезгіл туралы, советтік Қазақстанның алғашқы күндері жайында, басты жазушылар дандайсып кетті деген сын айтылған. Ал Б.Майлинді былай сынайды: «Бейқамдық, өз табысына (масаттанып, дандайсып кетушілік ұйымдастыру жұмысының ыдыраңқы, саяси тəрбие 345 жұмысының нашар кезінде, біз бұл туралы жоғарыда айттық) бүкіл жазушылар ұйымына да, жазушының өзіне де үлкен зиянын тигізді. Бұған мысал етіп Б.Майлиннің 1925 жылы жазған «Ел мектебі» деген революцияға қарсы пьесасын көрсетеміз. Б.Майлин бұл пьесасында ауылдың тұрмысын жамандады, пьесаға халық жауын мақтап, революцияға қарсы өлеңдер кіргізді. Қазақтың жас əдебиеті мен театрына зиянды кітап жазды. Ол онымен ғана қойған жоқ, оның «Ел мектебі» пьесасы жазушының толық шығармалар жинағының төртінші томында 1936-жылғы жақсы шығармаларымен араласып тағы басылды. Жазушы да, редактор да, баспа орны да бұл пьесадағы саяси қатені көрмеді, тиісті баға берген жоқ. Наркомпрос ол кітапты мектеп кітапханаларына таратты...» «Ел мектебі» пьесасына байланысты Б.Майлин бұдан бұрын да сыналған еді.

Мына мақаласында С.Мұқанов соны еске салып, тағы бір нығарлап кеткен. Бірақ, көп ұзамай тағы да бір мақаласын жазып, қаттырақ кеткен. «ОБ ошибках писателя Б.Майлина» деп аталады. «Казахстанская правда» газетінің 1937 жылғы 18 маусым күнгі санында жарияланған. Оқырман өзі оқып көрсін деген оймен, олай депті, былай депті деп жатпай, кейбір жерлерін ғана келтірейін: «...Начиная с 1933 года, некоторые писатели – т.т. Майлин, Жансугуров, автор этой статьи и др. издавали полные собра- ния своих произведений. В эти собрания они включили все, что ими было записано, в том числе даже вещи политически ошибочные, вредные. Особенно серьезные ошибки допустил в собрании своих произведений, изданные в четырех томах 1933-1936 г.г. писатель Б.Майлин. На страницах краевой печати в этом году отдельные товарищи уже указывали на грубые политические ошибки, допущенные Б.Майлиным в его пьессе «Школа аула» («Ел мектебі» – Т.Б.). Эта вещь, написанная в 1925 году, включе- на автором в 1936 году, при пособничестве редактора алаш- ордынца Алибаева, в четвертый том своего собрания сочинений. Нет нужды подробно повторять вредную галиматию Б.Майлина. Достаточно сказать, что пьеса восхваляет вра- 346 га народа, агента японо-германского фашизма, палача Троцкого. В основу пьесы положены контрреволюционные идейки Троцкого: «...В стихотворении «Аул» Б.Майлин противопоставляет аул городу. Считает старый аул «раем земли», он восхваляет «имеется ли хоть что-нибудь похоже этому в городе. Пыль города не дает дышать, женщины из- менчивы, у них ложная красота... Храбрая луша не теряет надежду увидеть аул... Автор по алаш-ордынски идеализи- рует жизнь колониального аула. Стихотворение Б.Майлина «Письмо отца» клевещет на казахскую бедноту, изображая дело так, что бедняки, якобы, шли добровольцами в контрреволюционные алаш- ордынские отряды. Очевидно Б.Майлин в то время не знал, что казахская беднота боролась с алаш-ордой и всячески поддерживала доблестную красную армию, вступая в ее ряды добровольно. В переиздании всей этой контрреволюционной галиматьи виновен не только один Б.Майлин. Виновна в этом вся писательская организация Казахстана».

Басқа да іліп кеткен жерлері бар, алайда осы сөздері Б.Майлинге көзқарасының өзгеріп, аласапыран ықпалына бой алдырып алған сияқты. Оның сөзіне сеніп қарайтыны сөзсіз. Өйткені, ол Жазушылар одағын басқаратын. Жыл басында-ақ өткір сынға ілінген Б.Майлинге төне түсу күшейе берді. Оны жеке де, Сəкен, Ілияспен бірге де төпелеудің астына алды. Басында ұлтшыл фашист деп сыналған Сəкен, Ілияс, Бейімбетке қыза-қыза келіп, халық жаулары деген айып тағылды. Бұған дəлел ретінде бірнеше мақалаларды атап, үзінділер келтіруге мүмкіндік бар. Бірақ, бұл жөнінде ғылыми зерттеулерде келтірілгендіктен əрі ондай мақалалар «Жұлдыз» жəне «Таңшолпан» журналдарында жарық көргендіктен, сөзімізді соза беру жөн емес деп білдік. Тек буржуазияшыл ұлтшыл фашист агенттері, сұмырайлары, бандылар, ақыр аяғында халық жаулары деп оларды жиналыстарда, мақалаларда асқан ызғармен жержебіріне жете сілкілеу түрмеге отырғызылғаннан кейін де толастамады. Олардың қателерін көрмеді, либералдық жасап, кешіріммен қарады, шара қолданбады деген айыппен Жазушылар одағын да, оның бастығы С.Мұқановты да қырына алды тілін безегендер. Бірмысал, 1937 жылғы 11 – 13 шілде күндері Жазушылар одағы партия ұйымының жабық партия жиналысы өткен. Онда «Социалистік Қазақстан», «Казахстанская правда», «Лениншіл жас» газеттерінде жарияланған сын мақалалар талқыланған. Оларда Одақ, жазушылар қатты сынға ұшыраған, себебін жіліктеп көрсеткен. Басқаларды айтпағанның өзінде, жиналысқа қатыспаған С.Мұқанов басшы ретінде де, жазушы ретінде де сынға ілінді. Сөз ба- тыра айтылды. Он жазушы сөйлеген, С.Сейфуллин мен Б.Майлиннан басқасының бəрі оның қате-кемшіліктерін айтпай кете алмаған. Оған «Тап жауларына ымырашылдық жасады», «өз қателері туралы өзара сынды қайта көтере алмады», «Толық жинағына 50 пайыз жарамсыз нəрселерін кіргізген», «партиялығы былыққан адам», «халық жауларына... ешбір талғаусыз болып келді», «өзара сынды қысты», «кемшілікті түзеуді мақсат қылмады», «Мұқанов ірі саяси қателері əлдеқалай жай ғана туып кеткен қателер сияқты емес» деп кінə таққан. Тек Б.Майлин ғана қысқа сөйлеп, С.Мұқановқа араша түскен. С.Мұқановтың өзін сынағанын біле тұра, кек алып, есесін қайтару үшін жетесіне жеткізе түйреп алуы керек еді. Ол ондай иттікке бармайды. Сөйлеушілердің оған тілдерін қалай білегені түршіктірсе керек, жиналыста жоқ адамды сынаушыларға қарсылық білдірді, неге өйтеміз деген сыңай танытты. Соған қарамай қабылданған қаулыда С.Мұқанов «не обеспечивает политическое и организационное руководство Союза, нарушает государственную дисциплину, не выполняет партийную обязанность» деп жазылды. Бұл оған да қауіп төндірді деген сөз. Енді оны үш арыспен қосақтап сынайтын болды. Олар жазушылар ұйымының басшылығында болған фашистік диверсанттар делініп, зиянкестік істермен шұғылданған екен. Міне, осының арты С.Мұқанов халық жауларының сыбайла- 348 сы дегенге əкелді. Бұл айып үш арыс отырғызылғаннан кейін шыққан еді. Бір-біріне сондай жала жабу тағы бір дүрбелеңді тудырды. Оның соңы басқа жаушыларды да түрмеге тығу, соттау науқанына ұласты. Сəбит Мұқанов та сау қалуы екіталай. Қайта-қайта жиналыс өтіп, оңды-солды сынаудың нəтижесінде, оған ауыр шара қолданылды. «Қазақ əдебиеті» газетінің 1937 жылғы 15 қазан күнгі санында жарияланған «Халық жауларының жетегіндегі жазушы» деген мақаладан «Халық жауларымен ауыз жаласып, олардың жетегіне еріп кеткен, өзінің партиялық, моральдық пішінінен айырылған, буржуазиялық жырын жырлаған Мұқанов партия қатарынан шығарылды» деп сүйінші сұрағандай жазылған жолдарды оқығанда, арты не болар екен деген ой келеді. 5 қазан күні өткен партия жиналысында шығарылды. Бұған қоса ол Жазушылар одағының басшылығынан да босатылды. Қойынан айырылып қу таяқ ұстап қалған қойшыдай күйге түскен С.Мұқановқа одан ары да маза бермей, тиісті орын шақырып, жауап алып жазалайды. Оны да отырғызып, ит жеккенге айдау мақсат болса керек. Алайда аман қалды. Өзінің кемшілігі болғанмен, кеңес үкіметіне қастандығы болмағандығын, жаулық жасамағандығын дəлелдеу үшін арыз да жазды, аппеляция да берді, сөйтіп біраз сергелдеңге түсіп құтылды. Ол жайында «Сəбит Мұқанов қалай аман қалды?» деген мақаламда («Жұлдыз» журналы, 2009 жыл. №2) толығырақ жазғанмын. Айта кетерлік бір ерекшелігі болды Сəбеңнің. Ол Б.Майлинді алдында сынаса да, оны халық жауы де- гендерге қосылмады, тіксіне қарады. Өз басын араша- лап алу үшін барлық кінəні басқаға артып, жаманатты етіп көрсетіп, сүттен ақ, судан тазамын деуге бармады. Жалғыз Б.Майлин ғана емес, басқа да халық жаулары атанғандарды солай деуге аузы бармады. Ондай деректі еш жерден кездестірмедім. Осыны айқындау үшін, тергеу болды ма, болса ол не деді екен деген оймен КНБ-ның мұрағатындағы ісімен таныспақ болдым. Жазушылар одағынан С.Мұқанов жөнінде іс болса, сонымен мені таныстыру туралы хат жазғызып алып апарып бердім. Сəбең туралы іс жоқ деген жауап алдым. Ендеше ол Б.Майлинді халық жауы деп еш жерде көрсетпеген. Сондай-ақ ол Бейімбетке тергеу жүргізілгенде де не куəгер, не айыпкер ретінде де қатыспаған. Амал не, Б.Майлин басқалармен бірге 1938 жылғы 26 ақпанда жазықсыз құрбан болды. Жиырма жылдан кейін ғана ақталудың сəті түсті. 1957 жылы сəуір айында С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жан- сүгіров ақталар алдында И.Дүйсенбаев, С.Омаров, Ж.Сайын, Ə.Тəжібаев, С.Мəуленов, Қ.Ахмедов, Б.Кенжебаев, Қ.Жармағамбетов, М.Базарбаев құрамына кірген арнайы комиссия кұрылып, Б.Майлиннің өмірі мен шығармашылығын талдап, оңды пікір берген болатын. Сондай-ақ қосымша үш адамнан да пікір алынған. Біреуі С.Мұқанов еді, ол да ат тонын ала қашпай бірден жазып берген.

Оқып көріңіздер не дегенін: «В Комитет государственной безопасности при С.М. КазССР. На ваш вопрос, «Как Вы относитесь к личности Беймбета Майлина?» даю ответ следующего содержания: С ним я лично встретился в 1922 году в Оренбурге – в тогдашнем центре Киргизской АССР. Он тогда работал со- трудником в редакции газеты «Соц.Казахстан» (в те годы она называлась «Еңбекші Қазақ»), а я учась в рабфаке, со- трудничал в этой газете. Познакомившись с ним, я узнал, что он сын бедняка, по- лучил ниже-среднее образование в татарской школе, литера- турным творчеством запнимался с 1915 года, но начал печа- таться только в Советское время. Произведения Майлина, написианные в Советское время мне знакомы почти целиком. Он работал одновременно в нескольких жанрах: поэзии, драматургии, прозы, очерка, публицистики. Этот мелкобуржуазный интелли- гент до Октябрьской революции находился под влиянием буржуазно-националистической интеллигенции, что полу- чило некоторое отражение на его творчестве. Но он, явля- ясь выходцем из трудовой массы, не мог не отразить в своих 350 произведениях положение казахской бедноты дореволюци- онном обществе. Во многих произведениях этого веремни, он выступил подлинным представителем критического реализма в казахской литературе. Установление Советской власти в Казахстане, распространение идеи научного социализма среди казахского населения, про- мадные и культурные изменения, происходившие в жизни тру- дящихся казахов, не могли не влиять на мировозрение Майлина и всем этим, в своих произведениях, написанные в Советское время более глубоко и правдиво показал новую счастливую жизнь казахов в условиях Советского строя. Много хороших произведений он написал на эту тему в разных жанрах. Следует отметить, что выступая против эксплуатаров в казахском обществе, Майлин, однако не осмелился критиковать, или, вернее, разоблачать алашординскую интеллиген- цию, под влиянием которых он находился в дореволюцион- ное время. В этом сказывалось его недостаточная подкованность в марксизме-ленинизме. Замечал идейные недостатки и противоречия в некоторых произведениях Майлина, выступал против этих его ошибок, я, долгие годы работал с Майлиным на одном фронтена фронте литературы, ни в его словах, ни в его делах и поступках никогда не замечал антисоветских явлений. Наоборот он всегда показывал себя сторонником Совесткого строя и его идеологии. Я не знал, какие мотивы были у наших карательных орга- нов, когда они арестовали и осудили Майлина в 1937 году. В моем понимании, Майлин не мог быть антисоветским человеком, поэтому я сейчас сторонник того, чтобы Беймбет Майлин был реабилитирован.

Писатель, член КПСС с 1920 года Сабит Муканов. 28. XI. 1956 года. Алма-Ата, Калинина 67, квартира 11».

Бұрынғы кейбір сын пікірінен шыға алмаған С.Мұқанов сол айтқандарының шетін еске түсіріп кетсе де, Б.Майлиннің жазушылық еңбегіне əділ бағасын беріп, оның кеңеске қарсы əрекеті болмағанын айтып, ақталуы керектігін қолдайтынын білдіреді. Ал ақталғаннан кейін ол Б.Майлин жөнінде əр 351 жақты жағымды қырларын ашып көрсетуге күш салады. Мына төмендегі сөздерінен сол пейілін аңғару қиын емес. «Бейімбет Майлинді Сəкен Қостанайдан Орынборға 1923 жылдың аяқ кезінде шақырып алды да, «Еңбекші қазақ» газетіне қызметке орналастырды. Бейімбет те ірі журналист еді. Оның да алдынан газет-журналдардың материалдары бұрқырап өтіп жататын. Ажарсыздау қоңыр бұжыр кескінді, таңқылау келте мұрынды Бейімбет, сол жақ сұік саусағымен ұзындау шашын дамылсыз бұрап, үстіңгі еті томпақтау көзін қағазға жасаурата төндіруден жалықпайтын. Кеңседе ұзақ отыратын ол, қарап үлгере алмаған материалдарын пəтеріне алып кетіп, ертеңіне ертемен даяр қып əкелетін. Ауыл өмірінен, əсіресе, кедейлер тұрмысынан білетіні көп Бейімбет, Орынборға келерден бұрында бұл тақырыпқа көптеген шығарма жазған кісі. Келгеннен кейін тіпті лекітіп, өлеңдерді, фельетондарды, əңгімелерді үсті-үстіне бұрқыратып төпеп жіберді. Ол өте шапшаң жазатын адам еді. Жазушылық, редакторлық жұмыстары керемет көп бола тұра, Бейімбет баспаханаға да күніне əлденеше рет баруға ерінбейтін. Бейімбет кісімен ұрыса білмейтін өте момын мінезді адам да. Əдебиеттік айтыс-тартыстарға ол еш уақытта араласпайтын. Əрі ісі, əрі мінезі жаққан Бейімбетті Сəкен өте жақсы көріп, жылы леппен үнемі «Мырқымбай» деп атайтын. Сəкенде ұнатпаған адамын тұрпайы тілмен сөгіп, ұрсып тастайтын əдет болушы еді. Осы мінезін ол ешбір жағдайда Бейімбетке қолданбайтын, сыпайылықтан əрі аспайтын. Бейімбет те Сəкенді аса сыйлайтын. 1936 жылы Сəкеннің əдебиеттік қызметіне жиырма жыл толуын тойлағанда, Бейімбеттің «Социалистік Қазақстан» газетінде Сəкен ту- ралы аса жылы түрде жазылған мақаласы оның. Сəкенді шын сүйетін жастық жүрегінен шыққан», – дегені алғашқы пікірлерінің бірі. С.Мұқановтың 1960 жылы, Б.Майлин ақталғаннан үш жылдан соң «Досыма хат» деп Үмітбай Балқашовқа жазған жоғарғы мақаласында («Өсу жолдарымыз» кітабы, 1960 ж., 662-663 б.б.) біраз қасиеттерін ашып көрсетіпті. 352 1965 жылы Б.Майлиннің туғанына 70 жыл толуы кең түрде аталып өтті. Əсіресе, Қостанай елі ерекше құрмет көрсетіп, маңызды шаралар ұйымдастырды. Жерлес алып жазушыға арналған бұл ұлан-асыр тойға С.Мұқанов бастаған бір топ жазушылар, өнер адамдары қатысты. Бейімбеттің жұбайы Гүлжамал да болды. Олар бірнеше кездесулерге барып, бағалы, тартымды естеліктер айтты. Бұл салтанатты мерекеге Бейімбеттің «Ғалия» медресесінде бірге оқыған достары башқұрт жазушысы Сайфи Құдаш, татар ақыны Хасан Туфан да келіп, жүрекжарды сөздерімен адал да ақ пейілдерін білдірді. Қостанайдағы шұға зауытының мəдениет сарайында салтанатты жиын өтіп, бірінші сөз С.Мұқановқа берілді. Ол көркем əдебиет саласында ширек ғасыр еңбек ет- кен, қаламынан туған шығармалар ұлан-байтақ, барлық жанрда жазған, қазақтан шыққан ең үлкен, ең пайдалы жазушылардың бірі, қазақ əдебиетінің алдыңғы қатарынан орын алды деген толғанысын ақтара сөйлеп, Б.Майлинді Қостанай облысындағы көп өзендердің басын қосқан ең зор Тобыл өзеніне теңеді. Осымен шектеліп қалмай, С.Мұқанов əр кез Б.Майлин ту- ралы ағынан жарылып жазып жүрді. Бəріне тоқталу мүмкін болмағандықтан, біреуін, артық болмас деп, толығырақ бергенді жөн көрдім. «Бейімбет Майлин туралы аз сөз. ҚазАПП-ты ұйымдастырушылардың, оның платформасына қол қоюшылардың бірі болғаны жоғарыда айтылды. Орынборлық дəуірде де көріп, істес болып жүргенмен, Бейімбетті менің жақын тануым – Қызылорда дəуірі. Мен Қызылордаға 1926 жылы келсем, Бейімбет Қызылордаға өткен жылы республикалық мекемелермен бірге көшіп, орнығып қалған екен. Оның қазірде көзі тірі əйелі – Гүлжамал, ол кезде жас келіншек. Ауылда туып өскен, газет оқырлық қана сауатты, мінезі ақ-жарқын, «қазақы» аталатын бұл əйелді, Бейімбет Қостанайдағы туған елінен, Қызылордаға келе алдырыпты. Бірер баланың анасы болып қалған Гүлжамал, қазақы жеңге ретінде, ойын-күлкіге де жақсы, дастарқаны да кең, асы да мол, сондықтан, Бейімбет тұратын пəтер күн сайынғы қонақтан арылмайды. Газет-журналдарда өлеңдері, фельетондары, очерктері жиі басылатын, өлеңдерінің жəне əңгімелерінің жинақтары көлемді кітап болып басылған Бейімбет, қаражат жағынан мол тұрады. Сондықтан, Қызылорданың бағасы арзан қойынан (үш сомнан бес сомға дейін), Бейімбеттің үйі күн ара біреуін сояды деуге болады. Күн сайынғы мол қонақ, ол қойдың етін бір асқаннан қалдырмайды. Ет пен қымыздан, бауырсақтан басқа тамақ, ол кездегі қазақ қызметкерлерінің үйінде қолданылмайды. Бейімбеттің өзі сырашылдау кісі. Егер қостаушылар болса, қымыз орнына сыраны сіміреді де отырады. Жасау-жиһазды Бейімбет үйі жинаған емес. Төсек-орыннан басқа жалғыз мүлік – Гүлжамалдың төркіні берген, орта мөлшерлі, əдемі түкті кілем. Бірер кроваттан басқа мебель оның үйінде болмайды. Асты жерге жайған дастарқанда ішеді. Ыдыс-аяқтары да жобалғы. Бейімбеттің өзі қалаша, бірсыдырғы тəуір киінеді. Гүлжамал қазақылау, сыпайы ғана киінеді. Идеологиялықжағынан Бейімбетжазушылық өмірбаяны- ның алғашқы адымынан-ақ кедейшіл демократ. Бұлай болуы жалпы өмірбаянына байланысты. Өзінің жəне оны білетіндердің айтуынша, Бейімбет қазіргі Қостанай облысының «Таран» аталатын ауданында, Аят өзенінің жағасында, «Шаңқан» аталатын төбенің етегінде туған. Кейін оның бір псевдонимі – «Шаңқан» болуы содан көрінеді. Бейімбеттің əкесі – Жармағамбет Майлыұлы, аңшылықпен күнелтетін жарлы жігіт екен. Бейімбет əкесінің он тоғыз жасында туады. Баласына алты ай толғанда Жармағамбет өледі. Елдің аңызында, аңшы Жармағамбет аққуды атып алады да, «қасиетті құстың кепиетінен өледі»... Күн көрісі нашар Жармағамбет еліндегі Мұқамжар деген байға жалданып, революцияға дейінгі өмірлерін соның есігінде өткізеді. Бейімбеттің шешесі сол байдың сауыншысы болады. Бейімбет те бала шағында осы байдың қой-қозысын бағатын малайы (жалшысы) болады. Кейін оның псевдонимі «малай» болуы содан екен. Мұқамжардың ауылында жəдит мектебі болған. Бейімбет алғашқы сауатын содан ашады да, одан əуелі көршілес Троицк қаласындағы медресе – Расулиядан, одан кейін, Уфадағы медресе – Ғалиядан оқып, татарша орта білім алады. Содан кейін ауыл арасында мұғалім болып жүргенде, февраль революциясы жасалады. Бұл арада бір айта кететін нəрсе, байшылы болсын, де- мократы болсын, орысша я татарша оқығаны болсын, революциядан бұрынғы қазақ интеллигенциясының ішінде «миллəтшіл» болмағаны кемде-кем. Сонда олардың «миллəтшылдық» деп отырғаны – «ұлт». Бірақ, ол кезде, «миллəтшылдық» – «ұлтшылдық» мағынасындақолданылған жоқ, «халықшылдық» яғни «туған халқын сүю, соның мұң-мұқтажын ойлап, отарлық халдан, ұлт теңсіздігінен шығару, азаттыққа жеткізу, шаруасын, мəдениетін өркендету» мағынасында қолданылады. Осындай демократтың ішінен, өзгелерін былай қойғанда, Октябрь революциясын қазақтан алғашқабылдаған, соның жолымен бұлтарыссыз ілгері басқан Сəкен Сейфуллин де революциядан бұрын «миллəтшілер» ауқымынан аса алған жоқ, оған «Өткен күндер» есімді бірінші өлеңдер жинағы куə. Бейімбеттің миллəтшылдығы Сəкеннен гөрі қалыңдау болды. Оның себебі – əдебиеттің алғашқы адымдарында, Бейімбеттің Орынборда шығатын «Қазақ» газеті арқылы көтерілуінде еді. Бұл газетті шығарушылар жəне Октябрь революциясына дейін басқарушылар, кейін «алашорда» көсемдерінің қатарында болған Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов екені мəлім. Бұл газет бетінде, Бейімбеттің «Мұқтаждық» аталатын өлеңі 1915 жылы жарияланды. Мазмұны – ауыл кедейінің кедей семьядан шыққан оқуға талабы бар жастың күн көрісі жағынан халының өте ауырлығы, аңсаған мақсатына жете алмауы. Осы сарын Бейімбеттің революцияға дейінгі жазған өлеңдерінің бəрінде де бар. Сонымен қатар Бейімбет қазақтың Октябрь революциясына дейін қалам сілтеген ағартушылары сияқты, шығармаларында қазақ қоғамының өміріндегі үш нəрсеге үнемі қарсы болып отырады: бірі –байлардың кедейлерге қорлығы, екіншісі – діншілдердің қазақ халқын қараңғылыққа шырмауы, үшіншісі – қазақ əйелдерінің əлеуметтік өмірдегі теңсіздігі. Бұның аты – шын мағынасындағы демократизм, шын мағынасындағы тапшылдық. Ар жағы осылай əдемі келген Бейімбет февраль революциясының кезінде біраз адасыңқырайды. «Қазақтың» көсемдерін пір тұтатын олар февральдан кейін, Октябрьге қарсы «алашорда» партиясын құрғанда, бұны «халықтық партия» деп ұққан Бейімбет «алашордасына» деген өлең жа- задыда, «алаштың» Семейде шығатын газеті – «Сарыарқада» жариялайды, 1918 жылы, алашорданың Орынборда шақырылған бірінші съзінен кейін, осы съездің қаулысымен, «алаш əскері» құрылғанда, (əрине, большевиктерге қарсы), Бейімбет бұл əскердің Қостанайдағы бөлімшесіне еркімен кіреді, осы тақырыпта «Еліме» деген атпен өлең жазып, ол да «Сарыарқада» басылады. Бұлардың бəрі де саяси жағынан қате өлеңдер. Революцияның алғашқы жылдарында осылайша қателескен Бейімбет, теріс жолға түскенін тез аңғарады да, əйелі Гүлжамалдың жəне біздің адамдардың айтуынша, «алаш əскерінен» ат-матымен қашып, ауыл арасында тығылып жүреді, туған өлкесіне 1919 жылдың күзінде орнаған Совет өкіметінің ағартушылық жəне баспасөздік қызметтеріне белсене араласып кетеді. Сол күндерден бастап, Совет өкіметін, оның қазақ еңбекшілеріне берген бостандығын, социалистік құрылысты қуаттап көптеген өлеңдер жариялайды. Бейімбет шығармаларының осы желісі өмірінің ақырына дейін, яғни 1937 жылы жеке адамды дəріптеу кезінің құрбаны болғанға дейін үзілген жоқ. Мен Қызылордадан 1926 жылдың жазында келгенше, Бейімбеттің баспадан екі кітабы шыққан екен; бірінші – 150 беттік өлеңдері мен поэмаларының жинағы, екіншісі – 61 беттік Күлпаш атты əңгімелер жинағы. Соңғы кітапқа кірген бес əңгіменің «Күлпаш» аттысы ғана 1921 жылы болған аштыққа арналған да, өзгелері ислам дінін əшкерелеу тақырыбына жазылған. Біз бұл жолы əңгімелердің емес, өлеңдер мен поэмалардың жинағына, əсіресе, өлеңдерге қысқаша тоқтаңқырап өтеміз. 1915 – 25 жылдар арасындағы қазақ поэзиясында Бейімбет өлеңдерінің орны ерекше. Осы бір тарихи кезеңде, ауыл кедейінің тұрмысын Бейімбеттен терең ұққан да, терең жырлаған да қазақ ақыны жоқ. Оның кедейлерге қойған аты «Мырқымбай». Мағыналық жағынан: «кедей, Мырқымбай, Бейімбет» үшеуі бір-ақ есім. Бір мазмұнда түйіскен бұл есімдердің жоғарыда атаған он жылдық өмірінен, барлық тіршілігін, мұң-мұқтажын, арманын, ол армандардың қаншасына жетіп, қаншасына жетпегенін, жеке шаруа кезіндегі барлық күшті жəне осал жақтарын түгел көреміз. Шығармаларын осылайша өрбіткен Бейімбет, идеоло- гия майданының басқа тартыстарына араласқан адам емес. Бұл майданда, сол кезде жүріп жатқан айтыс-тартыстардың Бейімбет ешқайсысына қатынаспайды, ешбір жиналыста сөйлемейді, бұл тақырыпта ешбір мақала жазбайды, сондықтан ол, салғыласып жататын екі жаққа бірден жағымды; қазақ совет əдебиетінің өзге кадрларының көбінде достары да, дұшпандары да бола жүре, Бейімбетке дұшпандық көрсеткен кісі кездеспейді, оны ұлтшылдар да, советшілдер де «Биеке» деп, үнемі құрметтейді», – деген (Алғашқы адымда. Кітапта: Есею жылдары. 1970 ж. 199 – 205 б.б.) сөздерінен Б.Майлин өмірі мен шығармашылығы туралы нақты, маңызды мағлұматтар аламыз. Бейімбеттің бейнесі де суреттелген. Бұл Б.Майлиннің тірі кезінде көп араласқан соң, ол туралы Сəбеңнің білгені аз еместігін байқатады. Бірге жүргендердің ішінде осы Сəбең ғана кеңірек жазып кеткен. Оны біз қашанда ескеруіміз керек. Өкінішіміз сол, Б.Майлиннің өмірден ерте кеткені. Аман болғанда тағы да қанша құнды шығармалар жазар еді, айту- лы атақтарға ие болар еді. Дегенмен шүкіршілік етеміз. Көзі көргендіктен Сəбең үндемей қалмай, ой-пікірін білдіріп кетті. Əрі өзін биіктен көре алды. С.Мұқановтың қанша сөзге қалып жүрсе де қажымай, талмай еңбектене беріп, үлкен табыстар мен дəрежелерге жеткенін білеміз. 1990 жылғы 22 сəуірде дүниеге келіп, 110 жасқа толған кезде оның Қазақ КСР Халық жазушысы атанғанын, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің мүшесі, Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің əлденеше рет депутаты, КСРО Жазушылар одағының басқармамүшесі, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, Бүкілодақтық бейбітшілік қорғау комитетінің мүшесі болғанын зор мақтаныш етеміз. Ол мақтанышымызды 2000 жылы туғанына 100 жыл толу мерекесі ЮНЕСКО дəрежесінде тойлануы үстемелей түседі. Сондай-ақ Абай атындағы республикалық мемлекеттік сыйлықтың жəне Ш.Уалиханов атындағы сыйлықтың лауреаты болғанын да еске сала кетейік.

Тоқтар БЕЙІСҚҰЛОВ


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар