Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ШЕТЕЛ ӘДЕБИЕТІ
Бодлердің «Қара Венерасы»...

29.09.2017 5374

Бодлердің «Қара Венерасы»

Бодлердің «Қара Венерасы» - adebiportal.kz

Бодлердің лирикасы замандастарын бір емес бірнеше рет таңқалдырды. Олар ақынның өлеңдерін лас, тұрпайы санайды. Алайда жас мулат актрисамен таныстығынан кейін ақынның шығармаларында нәзік пернелер ойнала бастады:

Кто изваял тебя из темноты ночной,

Какой туземный Фауст, исчадие саванны?

Ты пахнешь мускусом и табаком Гаваны,

Полуночи дитя, мой идол роковой.

Ни опиум, ни хмель соперничать с тобой

Не смеют, демон мой: ты — край обетованный,

Где горестных моих желаний караваны

К колодцам глаз твоих идут на водопой.

(Ариадна Эфронның аудармасы)

Бұл романтикалық жолдарды француз әдебиетінің классигі өзінің Музасына, қасірет шектіруші – Жанна Дювальға арнаған.

Әйелдерді жек көріп, барлық әйел затын «жиіркенішті», «Құдайдың жаратқан ластығы» санаған Шарль Бодлердің ерекше көңілі құлаған әйелді кезіктіруі өте қызықты жағдаят. Ақын оны өзінің «Венерасы» санаған, оған өлеңдер арнап, әрдайым қызықты сыйлықтармен еркелетіп отырған. Жалпы алғанда, олардың қарым-қатынасы 20 жылға созылған. Расында, Дюваль жылдар бойы оған оң жауап қатпайды, реті келген жағдайда өзінің сезімтал табынушысын айырбастауға да тырысқан.

Париждік «бұзақы»

Бодлер бала кезінде әкесінен айырылады. Бір жылдан кейін анасы тағы тұрмысқа шығады. Бала бұл жағдайды сатқындық деп есептеп, анасы мен өгей әкесін жек көре бастайды. Бәлкім, дәп осы жайт, дәп осы бала кезінде орын алған психикалық соққы, ақынның бүкіл әйелдерге деген жек көрушілігін тудырған болар. Осыдан кейін оның қанында әйел затына деген жиіркеніш пайда болады.

Жас ақын ертеңгі күнін ойламай, шынайы өмірден қашып, өзі қиялынан қалыптастырған әлемде өмір сүрді. Жан-жағын, төңірегін қызықты заттарға толтырды, сәнді әрі мәнерлі киінді, барлық түсініксіз әрі өзгеше жағдайға қызығушылық танытты. Сонымен қатар, әйелдер туралы айтқанда, оған тек қара нәсілді әйелдер ұнайтынын, ал қалған әйел заты оны қызықтырмайтынын айтатын. Оны ешкім түсінбеді, дегенмен жалғызілікті ақынның түсініксіз мінезі, ол туралы айтылатын пікірлер бикештердің едәуір қызуғышылығын тудырды. Париж көшелерінде ұзын таяқпен, ерекше қара пальто киген, шашы жасыл түске боялған жас жігітті көру үшін тоқтап, ұзақ үңілетін.

Сонымен бірге Шарль өзі туралы адам сенгісіз аңыздарды жиі ойлап табатын. Төңірегіндегілерге еркектермен махаббат байланысы бар екендігін айтып, әйелдерді жек көретіндігін және өзінің құпия тыңшы екендігін дәлелдеп бағатын. Ол өзі туралы соншалықты шебер баяндағаны сол, адамдар оның өміріндегі бұл жайттардың ақиқат екенідігіне сенетін, алайда автор бар болғаны достары мен таныстарының өзіне деген сенімділігі мен аңғалдықтарын өз ыңғайына пайдаланып, болмаған жағдайды бастан кешірген болып тағы да басқа қызықты оқиғалармен биографиясын толықтыра түсетін-ді.

Замандастары Бодлердің тәкаппар әрі өз-өзіне көңілі тоқ адам болғандығын, ал әйелдермен тым биіктен сөйлесіп, олар үшін шекара қоятынын атап өткен. «Әйелдер – табиғи жаратылыс, дегенмен, олар жиіркенішті», - деп ақын жиі қайталап айтатын болған. Махаббатқа берік, салқын әйелдерге оң көзімен қараған Шарль бірнеше рет жеңіл жүрісті бикештермен қоғамдық үйлерде уақыт өткізген. Өзінің сөзіне қарағанда, бұл әрекетке әлдебір сырқатты жұқтыру үшін, содан соң күші кеміп, әлсіреуі, соңында өлімге әкелуі үшін барған. Бұл жайтты Шарль сондай қатты тілегені соншалық, соңында, сифилис жұқтырып, өз денсаулығын нашаға әуестігімен одан әрі құрта түскен. Ол жалғыздықты, азапты, жан қасіретін насихаттаған, «барлық жерде түпсіздіктің жақындығы сезіледі» деген. Ақын өзінің барлық туысын психикалық ауруға шалдыққандар деп санаған, бұл жағдай да Шарльдің өзін тыс айналып өтпеген.

Өмір бойына оғаш мінезді француз, ата-бабаларынан жан ауруын қабылдап алғанын айтумен болады, бірнеше рет: «Мен өз есірігімді сондай қорқынышпен әрі сондай ләззатпен өткеремін» деген.

Алайда жиырма жасынан асқанда оның әдепкі өмірі басқа бағытта өрбіді. Жанна Дювальді кезіктірген Бодлер, замандастарының айтуынша, әдемі де емес, ақылды да емес және бір түйір адалдығы жоқ әйелге деген сезімі оның бүкіл өмірін өзгерткен.

Ақынды шабыттандырған пайдақор әйел

Шамамен, Жанна Дюваль 1820 жылы Гаитида дүниеге келген. 1842 жылы Парижге келеді. Сонда ақынмен танысқан. Жанна бір театрдың әртісі атанғанымен, айтарлықтай табысқа, танымалдылыққа қол жеткізе алмағаны айқын. Дегенмен, театрда жетпеген танымалдылыққа жиырма жылдық Бодлермен байланысы жеткізген. Ақынның достары да, жақындары да, Жаннада ерекше ештеңе болмағанын: айрықша сұлулықтың, ақылдың, таланттың, тіпті, жүректің болмағанын айтады. Шексіз өзімшіл, жеңіл ойлы және пайдақорлықтан өзге ештеңені ойламаған сылқым болса керек. Жанна үнемі өзге еркектермен көңіл қосып, кейіннен масаттанып бұл жайды Бодлерге әңгімелеп беретін болған. Бодлер бұрын әйелдермен қалай қарым-қатынас жасаса, Жанна да ақынмен дәл сондай қатынас жасаған. Бодлерді өзінің жеңіл жүрістілігімен таңдандырып, онымен дөрекі әрі тұрпайы сөйлесіп, оның шығармашылығына жиіркенішпен қараған. Алайда, өз табынушысынан ақша мен қымбат сыйлықты үнемі талап етіп отырады екен. Ақын тапқан табысын, бұрыннан ие бар байлығын Жаннаға жұмсайды. Ал Дюваль ол ақшаны шаша-төге ресторанға жиі барып, арасында таныс еркектерді де сыйлап жіберетін болған. Жанна ақын үшін сұлулықтың, сезімнің символы болған. Әлемнің бар құпиясы бір өзінде жатқандай қатты қызығушылық танытқан деседі. Ақынның мұндай жөнсіз ақша шашуына алаң болған туыстары «отбасылық кеңес» шақырады. Бұдан кейінгі уақытта 23 жастағы Шарльге белгілі бір мөлшердегі ақша берілетін болған – бұл тәртіптің орындалуына үй нотариусы жауапты саналып, бұл үдерісті қатаң бақылауда ұстаған.

Жылдар өте берді, ал ақын өзінің көңілдесін әрі музасын қаржыландыруды жалғастыра берді. Олар бұл уақытта да отбасылы емес еді, бөлек тұрды, дегенмен Жанна ақынмен әлдеқандай жиіркенішпен араласа береді. Алайда, бұл түсініксіз қарым-қатынасты тоқтатуды екеуі де қаламаған. Бодлер 36 жасқа келгенде, оның ең атақты поэтикалық жинағы «Зұлымдықтың гүлдері» жарық көрді. Тым артық «ашық» кеткендігі үшін сыншылар баспагерден 300 франк (бұл авторға ай сайын бөлінетін ақшадан бір жарым есе көп) көлемінде айыппұл төлеуді талап етті. Және өте ұятсыз саналған 6 өлеңді кітаптан алып тастауға мәжбүр етті. Бұл жинақтың жарық көруіне ақынды тағы да Дюваль шабыттандырған болатын...

Жоқшылық пен физикалық күйзелістер

Ал бірнеше жылдан соң Дюваль мүгедек болып, жүре алмай қалды. Бұл кезде Бодлер екеуінің де жас шамасы 40-та еді. Ақын бірден сүйіктісін ең жақсы емханаға орналастырып, күн сайын барып тұрды. Ал Жанна өз-өзіне келіп, жағдайы тұрақтана бастаған кезде рұқсат та сұрамастан, өз шешімімен Бодлердің үйіне көшіп кіреді. Дегенмен, ақынның оған қарсылық танытуы мүмкін де емес болатын. Көп ұзамай Дюваль әдепкі өмір салтына оралады: көңіл көтереді, қыдырады, ақыннан бұрынғыдан да көп ақша талап етеді.

Табыс көзін кеңейту үшін Бодлер Бельгияға жергілікті университтерде дәріс оқып, өз кітаптарын жарыққа шығаруға аттанады. Алайда, оны шақырушы тарап ақынмен әділ қарым-қатынас орнатпай, нәтижесінде ақын өзі ойлағанынан бірнеше есе кем ақша табады. Сонда да бұл соманың қомақты бөлігін анасына, өзінің сүйікті әйеліне жіберіп отырған. Ал ол әйелдің сатқындық жасап, басқамен қарым-қатынас құрып жатқандығына көңіл аударуға да шамасы болмайды. Кейбір замандастарының айтуынша, бұл уақытта Бодлер Дювальмен айрылысқан, сонда да бұрынғыша қаржыландырып тұрған. Бұл уақытта әдебиетшінің денсаулығы күрт нашарлай түседі. Бұрыннан бар «жаман ауруға» тұншығу, бас айналу, бас ауруы және өзге де мазасыздық белгілері қосылады. Жоқшылық ақынды тығырыққа тірейді. Денсаулығы әбден нашарлайды. Шарльді бас аурулары, ұйқысыздық, жүйке жүйесінің ұстамасы азаптайды. Бірде ақынның денсаулығы бұған қарсылық көрсетуін тоқтатып, 1865 жылы көктемде оны да мүгедектік жығады. Бодлерді туыстары Парижге көшіріп әкеліп, оны қаладағы ең мықты емханаға орналастырады, дегенмен, не сөйлеу қабілетін қалыпқа келтіру, не сырқатты аяққа тұрғызу дәрігерлердің қолынан келмейді. 1867 жылдың жаз мезгілінің соңғы күні 31 тамызда жалғыздықта өмір кешкен түсініксіз мінезді француз ақыны оянбайды...

«Бодлердің көңілдесі. Демалыс үстінде»

Ал Дювальдің соңғы жылдары жайлы ақпарат жоқтың қасы. Кейбір мәліметте ақын дүниеден өткен соң жоқшылықтан азаптанып әрі сифилистен қиналып бірнеше жылдан соң көз жұмады делінген. Ал кейбіреулердің айтуынша, өз табынушысының «алдына шығып» ол Бельгияға кеткенге дейін-ақ өмірден өткен көрінеді.

Жанна Дювальдің дүниеден өткен нақты күні белгісіз дедік. Кейбір нұсқа бойынша, ол 1862 жылы сифилистен көз жұмған, бұл аурудың салдарынан бес жылдан соң Бодлердің өзі де дүниеден өткен. Енді бір нұсқа бойынша, өлім аузында жатқан ғашық ақыннан ақша талап етіп, оның өлімін де өткерген, дүниеден ақын өткеннен кейін де тірі болған. Надардың айтуынша, 1870 жылы Дювальді соңғы рет көрген, ол уақытта балдақпен әзер қозғалып, сифилистің азабын әбден шегіп жүрген шағы екен.

Өте аз зерттелінген және қызығушылықты аз тудыратын биография...

Дегенмен өнерде таңбалы із қалдырды.

1862 жылы ақынның ескі досы Эдуар Мане «Бодлердің көңілдесі. Демалыс үстінде» деген атаумен Жанна Дювальдің портретін жазды.

Бір жағдай айдан анық: Шарль Бодлердің әдепсіз әрі дүниеқор әйелге деген махаббаты оның өміріндегі ең айшықты, ең шуақты таңба. Ол оған жан азабын сыйлады, өзгемен көңіл қосып, айырбастады, қарызға белшесінен батырды, ал ақын оған өзінің ең керемет шығармаларын арнады және қалтасындағы соңғы ақшасына дейін оған ұсынды.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар