Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Бүгінгі ақын» шығармашылық кеші өтті (фоторепорта...

09.10.2020 3759

«Бүгінгі ақын» шығармашылық кеші өтті (фоторепортаж) 12+

«Бүгінгі ақын» шығармашылық кеші өтті (фоторепортаж) - adebiportal.kz

Елордада "Бүгінгі ақын" атты шығармашылық кеш өтті. Әдебиетшілердің бұл жолғы жиналған жері - "Рухани жаңғыру" жобасының Нұр-Сұлтан қалалық кеңсесі, ұйымдастырған - "Парасат" оқырмандар клубы, ал модераторлық міндет ақын әрі дизайнер Жанна Бектемісоваға жүктелген екен. Мақсат сол баяғы авторларды бірімен бірін таныстыру, шығармаларын оқырманға насихаттау болса керек.

Жалпы бүгінгі әдебиет қандай әдебиет? Қоғамның ащы-тұщы тұсын қопара суреттеген, жеріне жеткізе жырлаған реалистік әдебиет пе, жоқ әлде қағаз бетіндегі шығарма бөлек – шын өмірдегі ситуациялар мүлдем басқа абағыт, сипатта өрбіп жатыр ма? Бүгінгі әдебиетші кім? Қандай да бір ұлттық, мемлекеттік мүддеге қаламымен де, азаматтық іс-әрекетімен де үн қоса алған адам ба, жоқ әлде «сен тимесең мен тимен» принципімен тек алдындағы ала қағазға ғана жүгінген тыныш адам ба? Қазақ әдебиетінің ендігі бағыты қайсы болмақ? Қай жанр ақсап жатыр, қай жанрда ілгерілеу бар?​ Отырыста астаналық ақын, жазушылар әдебиеттің осы секілді маңызды мәселелерін талқылап, әсіресе қазіргі поэзия туралы ойларымен бөлісіп жатты. Содан соң, әрине, ағыл-тегіл өлең оқылды.

Жақсыны көрмекке, жақсы отырыста жарасымды әңгіме өрмекке. Әрі ақын, әрі заңгер Нариман Рахымов, ақын қыздар Гүлмира Шопанова, Мәлике Мүрсәлімова, "Я временно" өлеңдер мен эссе жинағының авторы Әлімжан Ахметовтермен бірге, аталған кешке порталымыздың бірер түйір әдебиетші ұл-қыздары - ақын Арман Шеризат пен "Интеллектуальная беседа" мультимедиалық жобасының авторы әрі жүргізушісі Балнұр Қызырбекқызы да қатысқан еді. Бұдан әрі суреттер сөйлесін, төменде өздеріңізге фоторепортаж ұсынамыз.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар