Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Бұқаралық ақпарат құралдары және тіл мәдениеті» ...

28.10.2016 3290

«Бұқаралық ақпарат құралдары және тіл мәдениеті» республикалық семинар–тренингі өтті

«Бұқаралық ақпарат құралдары және тіл мәдениеті»  республикалық семинар–тренингі өтті - adebiportal.kz


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі  Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасымен  «Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМКҚ үстіміздегі жылғы 28 қазанда «Бұқаралық ақпарат құралдары және тіл мәдениеті» тақырыбында республикалық семинар-тренинг өткізді.


Кез келген елдің саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуын насихаттаудағы бұқаралық ақпарат құралдарының ерекше орын алатыны белгілі. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сай қызмет етуі мен оны дамытуда БАҚ рөлі айрықша.


IMG_9116.JPG


Семинар-тренингтің мақсаты: БАҚ өкілдері, оның ішінде телеарна, радиотілшілерімен кездесу ұйымдастырып, олардың сөздік қорын, сөз саптауын, тіл мәдениетін жетілдіруге арналады.


Семинар-тренингте ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, ф.ғ.д., профессор Шерубай Құрманбайұлы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, ф.ғ.к., профессор, ҚР Журналистика академиясының академигі Қайрат Сақ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ф.ғ.к. профессор м.а Маржан Ахметова және «Қазақ» радиосының бағдарламалар директоры Құрал Оңғаров дәріс оқып, бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілде ақпарат тарату, соның ішінде тіл нормасының сақталуы, сөйлеу мәдениеті, терминдердің бірізді қолданылуы мәселелері бойынша шеберлік сабақтарын өткізді.


Шараға тіл білімі және журналистика саласының мамандары, бұқаралық ақпарат құралдарындағы тіл саласына жауапты мамандар, телеарна, радио, газет және ақпараттық сайт тілшілері қатысты.


Семинар-тренингке қатысқан тілшілерге сертификат табысталды.


IMG_9131.JPG


IMG_9238.JPG


IMG_9351.JPG


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар