Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Бұқаралық ақпарат құралдары және тіл мәдениеті» р...

20.10.2016 5446

«Бұқаралық ақпарат құралдары және тіл мәдениеті» республикалық семинар–тренингі өтеді

«Бұқаралық ақпарат құралдары және тіл мәдениеті» республикалық семинар–тренингі өтеді - adebiportal.kz


тренинг.jpg

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасымен «Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМКҚ үстіміздегі жылғы 28 қазанда «Бұқаралық ақпарат құралдары және тіл мәдениеті» тақырыбында республикалық семинар-тренинг өткізеді.


Кез келген елдің саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуын насихаттаудағы бұқаралық ақпарат құралдарының ерекше орын алатыны белгілі. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сай қызмет етуі мен оны дамытуда да БАҚ рөлі айрықша.


Шара халықтың жыры мен сырын үнемі жарыққа шығарып, үздіксіз байланыс орнататын БАҚ өкілдері, оның ішінде телеарна, радиотілшілерімен кездесу ұйымдастырып, олардың сөздік қорын, сөз саптауын, тіл мәдениетін жетілдіруге арналады.


Семинар-тренингте кәсіби мамандар дәріс оқып, бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілде ақпарат тарату, соның ішінде тіл нормасының сақталуы, сөйлеу мәдениеті, терминдердің бірізді қолданылуы мәселелері бойынша шеберлік сабақтарын көрсетеді.


Шараға тіл білімі және журналистика саласының ғалымдары, бұқаралық ақпарат құралдарындағы тіл саласына жауапты құрылымдардың басшылары мен мамандары, телеарна, радиотілшілері қатысады.


Семинар-тренингке қатысқан тілшілерге сертификат табысталады.

 

 

 

 

 

 


 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар