Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Дәнеш Рақышев атындағы республикалық мүшәйра өтеді...

05.10.2016 6255

Дәнеш Рақышев атындағы республикалық мүшәйра өтеді

Дәнеш Рақышев атындағы республикалық мүшәйра өтеді - adebiportal.kz

4aa75c7cc60ea0485383f8ca4faf393c_Generic.jpg
«Ән қанатындағы жыр» атты Дәнеш Рақышев атындағы республикалық жазба ақындар байқауының 

ЕРЕЖЕСІ


Қазақстан Жазушылар одағы, Алматы облысының «Тамшыбұлақ» әдебиетшілер қауымдастығы мен Дәнеш Рақышев атындағы қордың ұйымдастыруымен қазақтың жезтаңдай әншісі, сазгер, Қазақстанның Халық әртісі Дәнеш Рақышұлының 90 жылдық мерейтойына орай «Ән қанатындағы жыр» атты республикалық жазба ақындар байқауы (ары қарай - Байқау) өтеді. 


Байқаудың мақсаты бар өмірін ән өнеріне арнаған, әнші ақындардың дәстүрін жалғастырушы, ән өнерінің ақберені, Жетісудың әншілік мектебін қалыптастырған Дәнеш Рақышұлының есімін жыр әлемінде асқақтату, Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай сияқты есімдері әдебиет тарихында қалған ұлы тұлғалардай Дәнеш есімін поэзияда қалдыру, әншінің мол мұрасы арқылы ән құдіретін насихаттау, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу. 


Республикалық байқау үстіміздегі жылдың қазан айында өтеді (нақты өтетін уақыты, орны қосымша хабарланады).


Байқауға еліміздің барлық облыстарынан 20-40 жас аралығындағы ақындар қатыса алады. 


Байқау 2 тапсырма бойынша өтеді: 



1. «Ән өнерінің ақберені».


Ақындардың Дәнеш Рақышұлына арнаған өлеңі. Мазмұны әншінің қазақ өнерінде алатын орнын, өмір жолын, туған жерінің шежірелі тарихын, сұлу табиғатын танытатын туынды болуы шарт. 


2. «Ән қанатындағы жыр». 


Д. Рақышев орындаған әндерге арналған өлең. Ән өнерінің құдіретін, бабалардан қалған асыл мұралардың сарқылмас қазынасын тілге тиек ету.


Оқылатын шығармалар көлемі 15 шумақтан аспауы керек. 



Байқау шарттары:


Қатысушы талапкерлерден төмендегі құжаттар қабылданады:

- байқауға қатысушы туралы мәлімет (туған жылы, қызметі немесе оқу орны, анықтама телефоны);

- шығармашылық өмірбаяны, өлеңдерінің электронды нұсқасы; 

- түрлі түсті 6х9 көлемдегі фотосуреті, жеке куәлігінің көшірмесін жіберуі тиіс;

Байқауға қатысушы үміткерлер қазіргі заман талабына сай киінгені (ұлттық айшықты киіммен) жөн.



Ескерту: 


Қатысушы үміткерлердің өнерін арнайы құрылған сараптау тобы бағалап, төмендегідей қасиеттеріне назар аударады:


- өлең-жырларындағы сөз қолданысына, ұйқасына, ой жүйелігі мен тереңдігіне, көркемдік ерекшелігіне;

- шығармаларын мәнерлеп оқу шеберлігіне;

- тіл тазалығына, сахна мәдениеті және киіміне. 


Байқау жеңімпаздары Дәнеш Рақышев атындағы қордың тағайындаған арнайы жүлделерімен марапатталады. Ұсынылған өлең-жырлар топтама жинақ ретінде шығарылады. 


Байқауға қатысушылардың жол шығыны, тамағы ұйымдастырушылар тарапынан қарастырылмайды. 


Байқауға қатысушы үміткер туралы жоғарыдағы көрсетілген құжаттар, өлеңдері (электронды нұсқасы) 2016 жылдың 1 қазанына дейін төмендегі электронды мекенжайға жіберілуі тиіс: 



E-mail: danesh_gulnar@mail.ru

Байланыс телефондары: 

8-778-3337821

8-775-6372780 



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар