Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Дәулеткерей Кәпұлы Қазақстан Жазушылар одағы Астана филиалының директоры

18.10.2018 648

Дәулеткерей Кәпұлы Қазақстан Жазушылар одағы Астана филиалының директоры

Бүгін елордалық қаламгерлер Астанадағы Сәкен Сейфуллин мұражайында бас қосты. Жиынды Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулетов пен ақын, Жазушылар одағының хатшысы Несіпбек Айтұлы жүргізді. Қаламгерлер екі тақырыпта әңгіме өрбітіп, пікір алысты.

Алғашқы сөз – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауы төңірегінде өрбіді. Биылғы жолдаудың маңызы, артықшылығы, пайдасы сараланып, қаламгерлер пікірі тыңдалды. «Жолдаудың жылдағыдан ерекшелігі әрі артықшылығы деп әрбір қабылданар жобаның тап сол арада оған жұмсалатын нақты қаржысы да қоса белгіленіп отырғанын атар едім» - деді Ұлықбек Есдәулет.

Сөзін «Кез келген отбасы алдағы күнге тіршілік жоспарын жасайды...» - деп бастаған белгілі жазушы Әлібек Асқаров, Қазақстан да байырқалы бір шаңырақ. Ал ол шаңырақтың алдағы жылдары қолға алынатын, атқарылатын, нәтиже күтілетін келелі істері Елбасының жолдауында нық шегеленді. Жолдауда айтылған жастар жылын жариялау, ұстаз мәртебесі туралы заң қабылдау, т.б. мәселелер соның анық көрінісі екенін айтты.

Атаулы жиында талқыға түскен тағы бір маңызды мәселе – Қазақстан Жазушылар одағының Астана филиалына жаңа директор тағайындау еді. Филиалдың бұрынғы басшысы ақын Бауыржан Қарағызұлы ҚР Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі қызметіне ауысуына байланысты.

Қазақстан Жазушылар одағының басшылығы ұсынған үміткерлер арасынан жиын Дәулеткерей Кәпұлының кандидатурасын бір ауыздан мақұлдады.

Белгілі ақын, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Дәулеткерей Кәпұлы Қазақстан Жазушылар одағы Астана филиалының Директоры.

Суреттерді түсірген: Нұрлан Нұрышов

Adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар