Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Дидар Амантайдың кеші...

04.12.2019 4463

Дидар Амантайдың кеші 12+

Дидар Амантайдың кеші - adebiportal.kz

2019 жылы 9 желтоқсан, дүйсенбі күні, кешкі сағат 18.00-де М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында көрнекті қаламгер, философ, киногер Дидар Амантайдың 50 жасқа толуына арналған “Ұлтқа қызмет” атты шығармашылық кеші өтеді.


Кеш барысында мерейтой иесі туындыларының желісі бойынша сахналық қойылымдар көрсетіледі. Кеш салтанатына Олжас Сүлейменов, Нұржұман Ықтымбаев, Досхан Жолжақсынов тәрізді қоғам қайраткерлері, мәдениет-өнер майталмандары, әдебиет сыншылары, таным-ғылым ардагерлері қатысады. Келем деушілерге есік ашық, кіру – тегін.

Дидар Амантай – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Алғыс хатымен марапатталған, Мемлекеттік “Дарын” жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көптеген әдеби сыйлықтардың иегері, шығармалары 20 тарта шет тіліне аударылған.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар